«Оқиық және жауап берейік» айдарымен берілген «мағынасы қарама- қарсы сөздерді тап» тапсырмасы оқушыларға аса қиындық тудыырмайды. Балаларға кестеде жазылған сөздер беріледі. Кестені толтыру арқылы сөздердің қарама-қарсы мағынасын жазады.
2 мин
Оқушы-мұғалім
Кесте
жиі
сирек
еру
қату
биыл
былтыр
қыс
...
ұзақ
...
оңтүстік
...
желді
...
қалың
...
«Сөйлесейік»айдарының тапсырмасын орындауда оқушылардың бір- бірімен ауа райы туралы телефонмен сөйлесуін көрсетеді. Оларға сөйлесуге арналған тірек сөздер беріледі. Оқушылар осы тірек сөздерді пайдалана отырып, телефонмен сөйлесуді рөлдік ойын ретінде көрсетеді. Әр топтан екі оқушыдан шығады, уақыт артылып жатса, әр топтан бір жұптан шығаруға болады. Тапсырма оқушылардың айтылым дағдыларын дамытуға бағытталған. Бұл тапсырма аясында мұғалімнің нұсқауымен шылауларды, көмекші сөздерді ажырату, ауызша/жазбаша тілде қолдану оқу мақсаты жүзеге асады.
3 мин
Жеке жұмыс (әр оқушы)
Телефон, сөйлесуге қажетті тірек сөздер, телефон
«Ойнайық» айдарында оқушылар шеңбер бойында тұрып «Сымсыз телефон» ойынын ойнайды. Оқушылар бір-бірінің құлағына ауа райына қатысты сөздерді сыбырлап айтады. Ойынның шарты бойынша сөзді ең бірінші айтқан бала ауа райына қатысты сөзді анық айтуы керек, әрі қарай кезекпен жалғасып кетеді. Бұл ойын оқушылардың сөздік қорын дамытуға бағытталған.
7 мин
Топтық жұмыс
«Ойланайық» тапсырмасында оқушылар кестедегі сөз тіркестерін оқып, суретке қарап мағынасын түсіндіреді. Бұл тапсырма арқылы оқушылар жалғаулық шылаулардың мағынасын түсіндіреді. Мұғалім оқушыларға дейін/кейін/шейін шылауларының мағынасын мысалдар келтіру арқылы түсіндіреді.
«Есте сақтайық!» айдарында оқушылар жалғаулық шылаулардың ережесімен танысады. Мұғалім оқушыларға ережені қолданыстық тұрғыдан түсіндіреді. Мысалдар келтіреді.
5 мин
Ереже
жазылған қағаздар
Шейін,
дейін, кейін, соң, әрі
1. Уақытты, мерзімді білдіреді.
2. Қашықтықты, белгілі бір заттың тұрған
орнын білдіреді.
...
жаңбырға дейін
жаңбырдан кейін
қысқа дейін
қыстан кейін
таңертеңге дейін
таңертеңнен кейін
кешке шейін
кештен кейін
қар ерігенге шейін
қар ерігеннен соң
таңертеңнен бері
жаңбыр болғаннан бері
Сабақты қорытындылау мақсатында «Жаттығайық» айдарымен оқушыларға пысықтау сұрақтары беріледі.
Сұрақтарға жауап бер. Аспанда кемпірқосақ қай кездеболады?
Оқушылар бір-біріне жауап бере отырып, кері байланыс орнатады. Мұғалім оқушыларды мадақтау сөздері арқылы бағалайды.
Рефлексия
«Білім ағашында» оқушылар сабақтан алған әсерлерімен бөліседі.
«Білім ағашына» бүгінгі сабақтағы ең маңызды деп санаған 3 жағдайды стикерге жазып, жапсырады.
3 мин
«Білім ағашы», стикерлер
Оқушылардың тақырыпты меңгеру деңгейін тексеру Мұғалім оқушылардың тақырыпты қаншалықты меңгергендерін міндетті түрде тексеруі керек.
Сабақтың өн бойында қалыптастырушы бағалау элементтері көрініс табуы тиіс. Мұғалімнің оқушыларды бағалауы (мадақтау сөздерін қолдануы), оқушылардың өздерін және бір-бірін бағалаулары болуы керек. Кері байланыс орнатудың маңызы зор.
Бағалау критерийі
Жоспар/жазбаларын қолданып, мәтінді толық мазмұндау
Мұғалімнің қолдауымен шылауларды, көмекші сөздерді ажырату, ауызша/жазбаша тілде қолдану
Дескрипторы
Тақырып бойынша сұрақтарға жауап бере алады.
Мөлшер, уақыт, мекен мағынасын білдіретін шылау сөздерінің мағынасын түсінеді.
Шылау сөздерді қолданып сөйлей алады.
Рефлексия
Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары қолжетімді болды ма?
Бүгін оқушылар нені үйренді?
Оқыту ортасы қандай болды?
Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба?
Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?
Қорытынды бағалау. Ең жақсы өткен екі жағдай не?
Қандай екі жағдай сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді?
Осы сабақтың барысында менің келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай мәліметтер немесе сыныптағы
Сабақтың тақырыбы
Қысқы ойын. (3-тоқсан, 5-тарау). 68-сабақ
Дағды
Айтылым, оқылым, грамматика
Оқыту мақсаттары
4.2.4.1 Жоспар/жазбаларын қолданып, мәтінді толық мазмұндау
4.5.1.1 Мұғалімнің нұсқауымен шылауларды, көмекші сөздерді ажырату, ауызша жазбаша тілде қолдану
Мұғалім жаңа сабаққа кіріспе ретінде оқушыларға қыстық ойындар туралы бейнежазба көрсетеді. Бейнежазбада әртүрлі қыстық ойындар көрсетіледі. Мұғалім оқушыларға сұрақ қояды.
Бейнежазбадан не көрдіңдер?
Қандай қыстық ойындарды білесіңдер? Қыстық ойындарға қатысасыңдар ма?
Мұғалім оқушылардың сөздік қорын байыту үшін жаңа сөздерді меңгертеді. Оқушылар сөздік қорындағы сөздердің мағыналарын жете білген жағдайда ғана оны дұрыс қолдана алатынын ескертеді. Үйренген сөздерін қолдануға мүмкіндік жасайды, яғни әрбір оқушыны сөйлегенде, сөйлем құрағанда, мүмкіндігінше, жаңа сөздерді көбірек қолдануға дағдыландырады, жаңа сөздерді күнделікті өмірде қолдана білуге үйретеді.
«Жаңа сөз үйренейік айдары»сонымен қатар жаңа сөздің оқушы есінде сақталуын қамтамасыз етеді. Оқушылар сөздерді бірнеше рет қайталайды, сөз тіркесін құрастырады, сөйлемдер құрайды. Олардың сөздерді қаншалықты меңгергенін тексеру үшін мұғалім жазуды алып тастап, суреттерді араластырып қояды. Оқушыларға суреттерді көрсеткенде, ол қандай жаңа сөзге қатысты екенін айтады (шана, шаңғы, тоңу, мұз, аққала, қырау).
5 мин
Мұғалім-сынып
Жаңа сөздерді меңгертуге бай- нысты әртүрлі суреттер
Негізгі бөлім
«Көрсетейік және айтайық» тапсырмасын орындауда оқушылар сөйлемдерді оқып, сөйлемді айтқан адамды суреттен табады. Оқушылар «Ең жылдам»әдісі арқылы тез-тез сұрақтарға жауап береді.
Менің шанам зулап келеді.
Шаңғы теуіп жүрмін.
Тоңдың ба, үйге қайтайық.
Аққала, Аязата жасау оңай ғой.
Менің коньки тепкім келеді.
Мұғалім оқушыларды мұқият тыңдайды, түрлі түсті фишкалар
5 мин
Жеке жұмыс
«Ең жылдам» әдісіне арналған сөйлемдер
арқылы бағалайды.
Жасыл фишка – «өте жақсы»
Қызыл фишка – «жақсы»
Сары фишка – «нашар, толықтыру керек»
Бұл тапсырманы орындау барысында мұғалімнің нұсқауымен
шылауларды, көмекші сөздерді ажырату, ауызша/жазбаша тілде
қолдану мақсаты жүзеге асады.
«Сөйлесейік» айдарында оқушылар тірек сөздерді пайдаланып, сурет
5 мин
Оқушы-мұғалім
Тірек сөздер
бойынша әңгіме құрастырады. Тапсырма топта орындалады. Әр топқа
жазылған
суреттер, тірек сөздер, түрлі түсті маркерлер, А3 парағы таратылады.
парақша, А3
Оқушылар өз беттерінше әңгіме құрастырады. Әр топ өз әңгімелерін
парағы, түрлі
оқиды. Топтар бір-бірін «Басбармақ» әдісі арқылы бағалайды.
түсті маркерлер,
Тапсырма оқушылардың сыни ойлауын және айтылым дағдысын
суреттер
дамытуға бағытталған. Осы тапсырманы орындау арқылы оқушылар
берілген мәтінді мұқият, асықпай оқып шығады. Өз араларында
масы сызылған
оқулықтағы мәтінді талқылайды және өздері құрастырған мәтінмен
А3 парағы, түрлі
салыстырады. Осы тапсырманы орындау барысында Венн
түсті маркерлер
диаграммасын қолдануға болады. Оқушылар екі мәтінді салыстырып,
айырмашылықтары мен ұқсастықтарын айтады. Тапсырма
оқушылардың айтылым дағдысын дамытуға бағытталған. Мәтіндерді
салыстыру арқылы оқушылар мәтіндегі негізгі ойды түсініп,
салыстырып, қорытынды жасап үйренеді.
Оқушылар бір-бірін «Шапалақ» әдісі арқылы бағалайды.
Осы тапсырманы орындау арқылы шығарманың кейіпкері туралы
пікірлерді салыстыра отырып бағалайды.
«Жаттығайық»айдарында оқушылар жалғаулық шылаулар туралы білімдерін бекіту жұмысын жүргізеді. Топтарға әртүрлі жалғаулық шылаулар беріледі. Әр топ өздеріне берілген шылауларды пайдаланып сөйлем құрастырады.
Мұғалім оқушыларды мадақтау сөздері арқылы бағалайды.
Осы тапсырманы орындау арқылы оқушылар мұғалімнің нұсқауымен шылауларды, көмекші сөздерді ажырату, ауызша жазбаша тілде