Мұғалім оқушыларға кіріспе әңгіме арқылы сабақ тақырыбын ұғындырады. Жазғы демалыс кезінде Қазақстанның қандай аймақтарында немесе қалаларында болғандығы туралы қызықты әңгіме өрбітеді. Әңгімелеу барысында барған жерінің 2-3 суретін көрсетеді, қалалардың атын карточкаларға жазып, тақтадағы картаға орнатады. Сонымен бірге мұғалім өзі әңгімелеу барысында оқушылардың оңай түсінуі үшін және алдағы тапсырманы орындауда басшылыққа алуы үшін үлгі болатындай сөйлемдер
құрылымын (шаблонын) қолданады.
2 мин
Мұғалім-сынып
Қазақстанның қалалары көрсетілген карта.
Оқулық. Сөйлемнің шаблондары
Оқушылар келесі кезекте «Сөйлесейік»айдарымен берілген оқулықтың 1-тапсырмасын орындауға жұмылдырылады. Ол үшін алдымен мұғалім қасына бір оқушыны алып сөйлесім үлгісін көрсетеді. Оқушылар жұппен немесе үшеуден бірігіп, топпен сұрақтарды талқылайды. Мұндай жұмыс барлық сынып алдында жауап беруге өз тобы арасында дайындалуға мүмкіндік береді. Мұғалім оқушыны сынып алдында қымсынбай жауап бере алуына жетелейді. Тапсырманың орындалу барысында мұғалім топтарды аралап қолдау көрсетеді, түзету, бағыттау, шаблондарды қолдана білуге үйрету жұмыстарын жүргізеді. Мұғалім өзінің байқап, бағамдауы бойынша үлгі бола алатын қабілеті жоғары балаларды
ортаға шақырып, тапсырмаға сай өзі туралы айтып беруін сұрайды.
7 мин
Топтық жұмыс
Негізгі бөлім
Оқулықта ұсынылған «Көрсетейік және айтайық»(2- тапсырма) айдарымен берілген тапсырманы орындамас бұрын мұғалім оқушылардан олардың қандай қалаларды білетінін сұрайды. Дер кезінде қала атауларының дұрыс айтылуына ден
қояды.
Ары қарай оқулықта берілген картаға оқушылардың қараулары сұралып, ол қалалардың қай аймақта орналасқаны туралы талқылайды. Осы тұста жаңа сөздер үйретіледі. Оқушылар
дүниетану сабағында алған білімдерін қолданады.
3 мин
Мұғалім- сынып
Бағыт көрсетілген плакат не
сурет
«Ойнайық» тапсырмасы Қазақстанның қалаларының атауын жаттату мақсатында немесе олардың қай аймақта орналасқанын есте сақтаулары үшін ұйымдастырылады. Тапсырманың оқулықтағы нұсқасы бойынша оқушы картаға қарап алып, есінде қалған қалалардың қай аймақта орналасқанын айтып беруі тиіс. Кемінде 5 қаланың қай аймақта орналасқанын білу міндеті алға қойылады. Бұл тұста тапсырманы басқаша түрлендіріп ұсынуға да болады. Оқушылардан қалалар атауы жазылмай берілген картаны
белгілеу немесе оны нұсқап айту сұралады.
«Оқиық және жауап берейік»айдарымен берілген мәтінді оқып, оқушылар бос орынға қажетті сөздерді қояды. Оқушылар алдымен мәтінді жеке оқиды, оны көршісімен салыстырып тексереді. Сынып болып үшінші мәрте тексереді. 4.3.1.1 мәтінді іштей түсініп және қажетті ақпаратты тауып/шолып/ белгі қойыпоқу мақсаты жүзеге асады.
7 мин
Жеке ж. Жұптық жұмыс
Сынып
Оқулық
Оқулықтың келесі тапсырмасы орындалады. Оқушылар әр кейіпкер туралы мәліметті естеріне сақтағаны бойынша рөлдік ойынға қатысып, диалогке түседі. Сөйлесім барысында осы сабақта үйренген жаңа сөздерін қолданады. 4.2.3.1 белгілі бір тақырыпта сұхбаттасу барысында шағын мәліметті (4-5 сөйлем) баяндау, кері байланыс орнату, сөйлеу стилін сақтау, дауысырғағын келтіріп сөйлеу оқу мақсаты жүзеге асады.
5 мин
Топттық жұмыс (4 оқушы)
Оқулық
Сабақты пысықтау мақсатында жаттығу жұмысы ауызша
орындалады. Бұл тапсырма тілдік қабілеті төмен оқушылар үшін ұсынылады.
2 мин
Жеке ж. Жұптық
жұмыс
Оқулық
Қор. бөлім
Оқушыларға үйдің суреті бар карточка үлестіріледі. Мұғалім өзен суретін алып: «Өзен қай жақта орналасқан?» – деген сауал тастайды. Оқушылардың білімі қаншалықты деңгейде қалыптасқаны бағаланады. Мұғалім бір минут уақыт ішінде
оқушылардан өткен сабақ туралы кері байланыс алады.
3 мин
Сынып- мұғалім
Үйдің суреті
Бағалау
Бағалау критерийлері
Дескрипторы
Мәтінді іштей түсініп және қажетті ақпаратты
тауып/шолып/белгі қойып оқу.
Белгілі бір тақырыпта сұхбаттасу барысында шағын мәліметті (4-5 сөйлем) баяндау, кері байланыс орнату, сөйлеу стилін сақтау,
дауыс ырғағын келтіріп сөйлеу
Мәтін мазмұнын оқып түсінеді.
Мәтінді қажет сөздермен толықтырады.
Оқыған мәтіні бойынша рөлдік ойынға қатысады.
Жаңа сөздерді қолданып сөйлейді.
Қосымша ақпарат
Рефлексия
Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары қолжетімді болды ма?
Бүгін оқушылар нені үйренді?
Оқыту ортасы қандай болды?
Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба?
Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?
Қорытынды бағалау. Ең жақсы өткен екі жағдай не?
Қандай екі жағдай сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді?
Осы сабақтың барысында менің келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай мәліметтер немесе сыныптағы жекелеген оқушылар туралы ақпарат алдым?