Деңгейі: әртүрлі жастағы білім алушыларға арналған
Мақсаты: сыни ойлау дағдылары және коммуникативтік дағдыларды дамытуға арналған
Сипаттамасы: оқушыларға түрлі түсті суреттері бар журналдар беріледі. Оқушылар журналдардан әртүрлі суреттерді қиып алып, флипчартқа жабыстырып, әңгіме құрастырады.
Бір оқушының қолына 15–20 см тоқыма жібі беріледі. Ол оқушы сұқ саусағына жіпті орай отырып, жіп түгелдей оралып біткенше өтілген тақырып туралы өз білгенін айтады.
Оқушылар ақ параққа өз миының суретін қағазға салып, оны сабақ кезінде меңгерген білімдерін білдіретін сөздермен толтырады.
«Балық аулау» әдісі
Өткен тақырыпты пысықтауға арналған ойын түрі. Түрлі түсті қағаздан балықтар қиылып алынады. Балықтарға өткен тақырыптар бойынша сұрақтар жазылады. Оқушының қолына қармақ беріледі. Оқушы қармағымен балық аулап, сұраққа жауап береді. Жиналған балықты аквариумге салып отырады.
Мұғалімге арналған нұсқаулық жоғарыда аталғандарға қоса, сыныптағы оқушылардың арасындағы интерактивті қарым-қатынасты ұйымдастыруға, оларды өз жұмыстарын немесе өзгелердің білімін бағалауға арналған нақты нұсқауларды әр сабақ бойынша түсіндіреді.
Ұсынылып отырған оқулық сегіз ортақ тақырыптан (бөлімнен) тұрады. Әр тақырып өз ішінде бір-бірімен тығыз байланысты бірнеше сабақтан тұрады. Оқулық пен жұмыс дәптеріндегі сабақ реті бір-біріне сәйкес дайындалған. Жұмыс дәптеріндегі тапсырмалар мазмұны оқулықтағы жаңа тақырыпты толықтырып отырады.