4.1.1.1 Анық айтылған сөзді тыңдап, қысқаша жазба (тірек сөздер) жасау және нақтылау мақсатында сұрақтар құру
4.5.1.3 Өз бетінше шағын мәтіннен етістіктің грамматикалық категорияларын ауызекі және жазба тілде қолдану
4.5.1.2 Көптік/ тәуелдік/септік/жіктік жалғаулы сөздерді ауызша/жазбаша тілде қолдану
Жаңа сабаққа кіріспе ретінде оқушыларға көктем мезгіліне байланысты суреттер көрсетіледі. Мұғалім «миға шабуыл» ретінде оқушыларға сұрақ қояды: «Бұл қай мезгіл? Табиғаттағы қандай өзгерістерді байқадыңдар?» Оқушылар сұрақтарға жауап береді. Мұғалім оқушыларға тақырыпты болжатады. Мұғалім сабақтың тақырыбын және мақсатын айтады. Сондай-ақ оқулықтағы
«Ойланайық» айдарындағы тапсырмада берілген сөйлемдерді оқушылар оқып шығады. Берілген сөйлемдердің көктем мезгіліне қатысты екендігін айтады. Мұғалім оқушыларды мұқият тыңдайды. Мадақтау сөздерімен бағалайды.