Оқушылардың тақырыпты меңгеру деңгейін тексеру Мұғалім оқушылардың тақырыпты қаншалықты меңгергендерін міндетті түрде тексеруі керек.
Сабақтың өн бойында қалыптастырушы бағалау элементтері көрініс табуы тиіс. Мұғалімнің оқушыларды бағалауы (мадақтау сөздерін қолдануы), оқушылардың өздерін және бір-бірін бағалаулары болуы керек. Кері байланыс орнатудың маңызы зор.
Бағалау критерийлері
Белгілі бір тақырыпта сұхбаттасу барысында шағын мәліметті (4-5 сөйлем) баяндау, кері байланыс орнату, сөйлеу стилін сақтау, дауыс ырғағын келтіріп сөйлеу
Айтылуы мен жазылуында айырмашылығы бар сөздерді дұрыс айту
Таныс емес сөздер кездесетін шағын мәтіндегі негізгі ойды түсіну
Жыл мезгілдерін, ауа райын сипаттап айта алады және жаза алады.
Мәтіннің жалпы мазмұнын түсінеді.
Шылау мен қосымшаны ажыратады.
алдыңғы күні
кеше
бүгін
Рефлексия
Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары қолжетімді болды ма?
Бүгін оқушылар нені үйренді?
Оқыту ортасы қандай болды?
Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба?
Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?
Қорытынды бағалау. Ең жақсы өткен екі жағдай не?
Қандай екі жағдай сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді?
Осы сабақтың барысында менің келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай мәліметтер немесе сыныптағы жекелеген оқушылар туралы ақпарат алдым?