«Назар аударайық» айдарындағы тапсырмада оқушылар кейбір сөздердің қарсы мағыналарымен танысады. Берілген сөздерді оқушылар дәптерлеріне жазып алады.
Қолайлы – қолайсыз. Пайдалы – пайдасыз. Сулы – сусыз. Құнарлы – құнарсыз. Иісті – иіссіз. Орманды – ормансыз.
Берілген сөздер оқушылардың естерінде жақсы сақталулары үшін мұғалім оларға сөздерді бірнеше рет қайталатады.
Сабақты қорыту мақсатында«Жаттығайық» айдарындағы тапсырманы орындайды. Бұл тапсырмада оқушылар үлгіні басшылыққа ала отырып, сөйлемдер құрастырып жазады. Бұл тапсырманы орындау арқылы оқушылардың сөйлем құрастыра білу дағдылары қалыптасады.
Үлгі бойынша жаз. «Пайдалы-пайдасыз» сөздерінің бірін пайдалан.
Үлгі: Мынау – өсімдік тамыры. Одан дәрі жасайды. Ол өте пайдалы.
Мұғалім оқушылардың жұмыстарын тексереді. Кері байланыс орнатады. Оқушылардың қателері болса, өздеріне түзеттіру үшін әрекет етеді.
«Ойнайық» айдарындағы тапсырмада оқушылар оқулықта берілген тапсырманы орындау арқылы әріптерден сөз құрап, оларды ретімен жазады.
Рефлексия. Егер саған сабақ ұнаса және тапсырманың барлығын сәтті орындаған болсаң, кемеңді жасыл түске боя. Егер сен сабақта белгілі бір қиындықты кездестірсең, кемеңді сары түске боя. Егер сен сабақ барысында тапсырмаларды орындау қиын болып, мұғалімнің көмегі қажет болса, кемеңді қызыл түске боя.
10 мин
Жеке жұмыс
«Білім кемесі»
Оқушылардың тақырыпты меңгеру деңгейін тексеру Мұғалім оқушылардың тақырыпты қаншалықты меңгергендерін міндетті түрде тексеруі керек.
Сабақтың өн бойында қалыптастырушы бағалау элементтері көрініс табуы тиіс. Мұғалімнің оқушыларды бағалауы (мадақтау сөздерін қолдануы), оқушылардың өздерін және бір-бірін бағалаулары болуы керек.
Кері байланыс орнатудың маңызы зор.
Бағалау критерийлері
Белгілі бір тақырыпта сұхбаттасу барысында шағын мәліметті (4-5 сөйлем) баяндау, кері байланыс орнату, сөйлеу стилін сақтау, дауыс ырғағын келтіріп сөйлеу
Таныс емес сөздер кездесетін шағын мәтіндегі негізгі ойды түсіну
Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары қолжетімді болды ма?
Бүгін оқушылар нені үйренді?
Оқыту ортасы қандай болды?
Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба?
Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?
Қорытынды бағалау. Ең жақсы өткен екі жағдай не?
Қандай екі жағдай сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді?
Осы сабақтың барысында менің келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай мәліметтер немесе сыныптағы жекелеген оқушылар туралы ақпарат алдым?