Қазақ тілі Әдістемелік нұсқау



бет268/363
Дата27.11.2022
өлшемі1,68 Mb.
#52964
1   ...   264   265   266   267   268   269   270   271   ...   363
Байланысты:
4 класс ҚМЖ (1) весь

Сабақтың тақырыбы

Құмырсқаның илеуі. (3-тоқсан, 6-тарау). 96-сабақ

Дағды

Оқылым және жазылым

Оқыту мақсаттары

4.3.2.1 Таныс емес сөздер кездесетін шағын мәтіндегі негізгі ойды түсіну
4.4.1.1 Шағын сюжетті презентацияны комикс/буклет/ коллаж/жарнама/ сөйлемдермен толықтыру

Лексикалық минимум

Илеу, аталық, аналық, дернәсіл

Алдыңғы білім

Жәндіктер айтысы

Пәнаралық байланыс

Дүниетану

Сабақтың барысы

С.кезең.

Жоспарланған оқыту іс-әрекеттері



уақыты

Қар.қат

Оқыту
ресурс- тары

Кіріспе

Тапсырма сабаққа кіріспе ретінде қолданылады. Біріншіден, оқушыларға тақырыптың не жөнінде болатынын білдірсе, екіншіден оқушылардың сабаққа деген ынтасын, қызығушылығын арттыруға негізделеді. Мұғалім «Миға шабуыл» ретінде оқушыларға интерактивті тақтадан «Құмырсқалар илеуі» атты бейнефильм немесе суреттер топтамасын көрсетеді. Оқушылар бұнда сабақ тақырыбын болжайды, анықтайды. Мұғалім әр топқа «құмырсқа» сөзіне ассоциация құруға тапсырма береді. Оқушылар өз білгендері бойынша жауап береді.

5 мин

Мұғалім-сынып




Негізгі бөлім

«Сөйлесейік» айдарындағы тапсырмада оқушылар берілген сұрақтарды көршісімен талқылайды, сұрақтарға жауап береді. Жұптық жұмыс
орындалады. Бұл тапсырманы орындау арқылы оқушының ойлау қабілеті, айтылым дағдысы дамиды. Әр жұп өз беттерінше дұрыс жауап беру үшін сұрақтарды басшылыққа алады. Оқушылардың жауаптары тыңдалады.

  1. Құмырсқаны көрдің бе?

  2. Ол қандай жәндік?

  3. Дене тұрпаты қандай?

  4. Құмырсқаның қанша көзі, аяғы бар?

  5. Құмырсқаның илеуін көрдің бе?

  6. Құмырсқаның пайдасы қандай деп ойлайсың?

7 мин

Жұптық жұмыс

Оқулық


«Ізденейік» тапсырмасын орындауда оқушылар құмырсқаның суретін салып, жұмысты жандандырады. Оқушылар мұғалімнің көмегімен шығармашылық
жұмысқа бойлайды және құмырсқа болмысының әрбір деталіне дейін мән бере суретін салып, дене тұрпатын сипаттап шығуға тырысады, салған суреттерін түсіндіре баяндайды.

7 мин

Мұғалім - сынып

Оқулық

«Жаңа сөз үйренейік» тапсырмасында оқушылар құмырсқа суреттерінен оның қанша түрлері болатынын және олардың атауларының әртүрлі болу ерекшеліктерімен танысады, жаңа сөздердің айтылуы мен жазылуына мән береді. Оқушыларға суреттер көрсетіледі. Оқушылар осы суреттерге қарай отырып жаңа сөздерді меңгереді. Мұғалім оқушылар сөздік қорындағы сөздердің мағыналарын жете білген жағдайда ғана оны дұрыс қолдана алатынын ескереді. Үйренген сөздерін қолдануға мүмкіндік жасайды, яғни әрбір оқушы сөйлегенде, сөйлем құрағанда, мүмкіндігінше, жаңа сөздерді көбірек қолдануға дағдыландырады, жаңа сөздерді күнделікті өмірде қолдана білуге үйретеді. Сөздіктер мен энциклопедияларға зер салады. 4.3.5.1
мақсатын жүзеге асырады.

6 минут

Мұғалім-сынып

Оқулық







«Оқиық» айдарындағы тапсырма оқушылардың оқылым дағдысын дамытуға бағытталған. Тапсырма оқушылардың мәтінді түсініп оқуына арналған. Мұғалім оқушыларға мәтінді алдымен іштей, содан кейін дауыстап оқуға тапсырма береді.

5 мин




Оқулық




«Оқиық және жауап берейік» айдарында берілген тапсырма оқушылардың
сыни ойлау дағдыларын дамытуға бағытталған. Оқушыларға мәтінді мән бере оқып, мәтін бойынша берілген сөйлемдерді қажетті сөздермен толықтыру тапсырылады.
Мұғалім оқушыларға тапсырма бойынша жауап бергенде «Попс»
формуласын қолдануды ескертеді. Оқушылар өз ойын айту үшін міндетті түрде «Менің ойымша», «себебі» сөздерін қолданып сөйлеуі керек. Бұл әдіс арқылы оқушының өз ойын нақты жеткізуі, тұжырымдай білу дағдылары
жетіледі, сөздік қоры молаяды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   264   265   266   267   268   269   270   271   ...   363




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет