4.5.1.1 Септік/жіктік формалардағы жіктеу есімдіктерін және септеулік шылауларды ауызша/жазбаша тілде қолдану
4.2.2.1 Берілген тірек сөздер мен жоспардың негізінде қысқа монолог
құру
Лексикалық минимум
Мейрамхана, қонақүй, аялдама, сауда үйі, көлік тұрағы, спорт сарайы,
алаң
Алдыңғы білім
Менің бөлмем
Пәнаралық байланыс
Дүниетану, математика
Сабақтың барысы
С.кезеңі
Жоспарланған оқыту іс-әрекеттері
уақыты
Қар.қат
Оқыту ресурстары
Кіріспе
«Жаңа сөз үйренейік»айдарында мұғалім оқушылардың назарын жаңа сөздерге аударады. Мұғалім оқушылар сөздік қорындағы сөздердің мағыналарын жете білген жағдайда ғана оны дұрыс қолдана алатынын ескереді. Үйренген сөздерін қолдануға мүмкіндік жасайды, яғни әрбір оқушы сөйлегенде, сөйлем құрағанда, мүмкіндігінше, жаңа сөздерді көбірек қолдануға дағдыландырады, жаңа сөздерді күнделікті өмірде қолдана білуге үйретеді. Сонымен қатар жаңа сөздің оқушы есінде сақталуын қамтамасыз етеді. Оқушылар жаңа сөздерді «Сәйкестендіру» әдісі арқылы меңгереді. Жаңа сөздерді суреттермен сәйкестендіреді. Суреттер нөмірленіп беріледі. Оқушылар жаңа сөздердің қасына нөмірлерін көрсетеді. Жаңа сөздердің дұрыс айтылуын есте сақтау
үшін сөздерді бірнеше рет қайталайды.
5 мин
Мұғалім-сынып
Жаңа сөздер жазылған
флипчарт, суреттер, түрлі түсті маркерлер
Негізгі бөлім
«Жаттығайық» айдарындағы тапсырмада оқушылар берілген сөздер мен сөз тіркестерін құрастырады. Оқушылар «дұрыс/бұрыс» әдісін пайдаланады. Бұл әдіс арқылы оқушылар дұрыс пен бұрысты ажырата біледі, логикалық ойлауы қалыптасады, оқушыларға
дұрыс және бұрыс құрастырылған бірнеше сөз тіркестері беріледі.
Мұғалім оқушыларды «Жарайсың!», «Өте жақсы!», «Жақсы!»,
«Тамаша!» сияқты мадақтау сөздерімен мадақтайды.
5 мин
Жеке жұмыс
Дұрыс/ бұрыс
кестесі сызылған парақшалар
«Ойланайық»айдарындағы тапсырманы орындауда құраған сөйлемдердің ішінен «кімнің?», «ненің?» сұрақтарына жауап беретін сөздерді тап. Үлгі:Мейрамхананың іші өте кең. Осы тапсырманы орындау арқылы оқушылар «кімнің?/ненің?» сұрағына жауап беретін сөздерді ажырата алады. Тапсырма топпен орындалады. Оқушылар бір-бірін бағалайды.
5 мин
Мұғалім-сынып
Оқулық
«Есте сақтайық!» тапсырмасын орындауда мұғалім ілік септігінің
«Кімнің? Ненің?» жалғауларын қолданыстық тұрғыдан меңгертеді.
«Кімнің?» сұрағы адамға қатысты атауларға, «Ненің?» сұрағы басқа заттарға қойылады. Мысалы: Айгүлдің, Асқардың, Сашаның, Ираның, ал заттарға аялдаманың, жолдың, мейрамхананың, қонақүйдің, көліктің. Тақтадағы флипчартқа оқушылар екі бағанға сөздерді жылдам
орналастырып шығады.
3 мин
Мұғалім-сынып
Сөздер жазылған түрлі түсті қима қағаздар
Кімнің?
Ненің?
Сөйлемдер
Дұрыс
Бұрыс
Мейрамхананың іші салқын
Алды көлік тұрағының кең
Спорт сарайының артында мектеп тұр
Таза емес айналасы алаңның
Қонақүйдің жанында адамдар жүр
Сауда үйінің алдында мәшине тұр
«Жаттығайық» тапсырмасы: көп нүктенің орнына тиісті қосымшаны қойып жазу. Бұл тапсырманы орындау арқылы оқушылардың ілік септігі туралы білімдері бекиді. Оқушылар сөздерге қосымшаларды дұрыс жалғау арқылы ілік септігінің жалғауларын үйренеді. Тапсырма жеке жазбаша орындалады. Мұғалім оқушыларды тақтаға шақырады. Тапсырманы тақтаға жазады. Тапсырманы орындамас бұрын мұғалім оқушылардың назарын ережеге аударады. Осы сөздерге ілік септігінің жалғауы жалғанғанда сөздердің қалай өзгеретінін түсіндіреді.