Ө-ө-ө-ө – көөө-лік- көлік І-і-і-і- лік -лік – көлік
Қ-қ-қ-қ- шақ-шақ – мынау – ұшақ.
Ұ-ұ-ұ-ұ -ұш-ұш - ұшақ ұшты. Ұшақ ұзақ ұшты.
Педагог сөйлемдер құрастырады. Нұр-Сұлтанға ұшақпен баруға болады. Нұр-Сұлтанға пойызбен баруға болады.
Балалар сөйлемдерді қайталайды.
Сергіту сәті:
Орнымыздан тұрайық, Қолымызды созайық. Бойымызды жазайық Алақанды соғайық.
Бір отырып, бір тұрып Біз тынығып алайық.
Жаңылпашпен таныстыру.
Ұшып кетті үш құс, Ұшып келді ұшқыш.
Балалар жаңылпашты бірнеше рет қатты, ақырын, баяу және жылдам қайталайды.
Ойын: «Дұрыс па, бұрыс па?». Педагогті тыңдап, сөйлемнің дұрыстығын анықтайды да, дұрыс сөйлемді қайталайды.
Мысалы: Автобус – көлік. Коньки – көлік. Ұшақ – көлік. Жылқы – көлік. Нұр-Сұлтанға трамваймен баруға болады. т.с.с.
Жұмыс дәптерімен жұмыс.
Көлікті ата. Саяхатқа немен барасың? Сызып қос. Сөйлем құра. Балалар үлгі бойынша суретке қарап, сөйлем құрайды.
Сөйлем: Менавтобуспенбарамын(сызықпен қосады).
Педагог жеке жұмыс жүргізеді.
Рефлексия.
Педагог қорытынды жасайды. Балаларды мадақтау.
Не қызықты болды? Жұмыс дәптеріне өздеріңнің игерген білімдеріңнің дәрежесін, үлгерімдеріңді смайл арқылы белгілейсіңдер.
Қуыршақтар балалармен қоштасады.
№ 68
Білімберусалалары: Қатынас, таным
Бөлімі: Қазақ тілі.
Тақырыбы: Алақай, жаз келді!
Мақсаты: жаз мезгілінің ерекшелігін қазақша айтуға үйрету.
Білімділік міндеті: жаз айларын қазақша айта білу, қазақ тіліндегі сөздер мен сөйлемдерді түсініп және күнделікті өмірде қолдана білуге үйрету. Педагогтің көрсеткен үлгісі бойынша шағын мәтін құрастыра білу дағдыларын жетілдіру, сөздік қорларын жаңа сөздермен
толықтыру.