Қазақ тілі Әдістемелік нұсқау



бет47/171
Дата21.04.2023
өлшемі364,14 Kb.
#85252
түріБағдарламасы
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   171
Байланысты:
0 НОВЫЙ КТП

Дамытушылық міндеті: қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтуға жаттықтыру. Сұраққа толық жауап бере алу дағдыларын және артикуляциялық аппаратты дамыту.
Тәрбиелік міндеті: табиғатқа деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Күтілетін нәтижелер:


Жасайды: жаңа сөздердегі қазақ тіліне тән дыбыстарды айтады, сөздерді сөйлемдерде байланыстырады, диалогке қатысады.
Түсінеді: қарапайым сұрақтарды түсінеді.
Қолданады: жаңа сөздерін сөйлем құруда қолданады.
Қолданылатын көрнекі құралдар: қуыршақтар – Сәуле мен Арман, екі себет, көгөністер, жемістер мен жидектер муляждары, қима материалдар, жұмыс дәптері, айна.
Билингвалды компонент: жидектер – ягоды, қарақат – смородина, құлпынай – клубника, таңқурай – малина.


ҰОҚ барысы


  1. Ұйымдастыру кезеңі

Ғажайып сәт. Қуыршақтар – Сәуле мен Арман себетпен көгөністер мен жемістер алып кіреді.
Балалармен «Кім жылдам?» ойынын ойнайды. Екі себетке көгөністер мен жемістерді бөліп салу, атап және сипаттау.
  1. Негізгі кезең


Ойын: «Дұрыс па, бұрыс па?».
Ойынның мақсаты: зейін қойып тыңдауға, сөйлемді дұрыс құруға жаттықтыру. Ойынның шарты: сөйлемді тыңдап, қатесін түзету.

    • Алма, алмұрт, өрік – көгөніс.

    • Дұрыс емес, алма, алмұрт, өрік – жеміс. т.б

Дидактикалық ойын: «Күз сыйы». Себетте жемістер, көгөністер және жидектер бар. Педагог жемістер мен көгөністерді бір-бірлеп алып қайталау, жидектермен таныстырады.

  • Мынау қандай жеміс?

  • Ол – өрік. Өрік дәмді.

  • Мынау қандай көгөніс?

  • Ол – қияр. Қиярда пайдалы дәрумендер көп. т.б

  • Мынау – қарақат.

  • Мынау не?

  • Мынау – қарақат.

  • Қарақат дәмді, пайдалы.

  • Қарақат қандай?

  • Қарақат дәмді, пайдалы.

  • Қарақат кішкентай, түсі қара.

  • Қарақат қандай?

  • Қарақат кішкентай, түсі қара.

  • Мынау – құлпынай, қ-құ-ұ-л-пы-най.

  • Мынау не?

  • Мынау – құлпынай.

  • Құлпынай дәмді, пайдалы.

  • Құлпынай қандай?

  • Құлпынай дәмді, пайдалы.

  • Мынау – таңқурай.

  • Мынау не?

  • Мынау – таңқурай.

  • Таңқурай дәмді, пайдалы.

  • Таңқурай қандай?

  • Таңқурай дәмді, пайдалы.

  • Мыналар – жи-дек-тер. Жидектер дәмді, пайдалы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   171




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет