Бүгін қандай жаңа сөздермен таныстық? Жұмыс дәптерінде сендер өздеріңнің игерген білімдеріңнің дәрежесін, үлгерімдеріңді смайл арқылы белгілейсіңдер.
Қуыршақтар балалармен қоштасады.
№9
Білімберусалалары: Қатынас, таным
Бөлімі: Қазақ тілі.
Тақырыбы: Көгөністер.
Мақсаты: жаңа сөздердегі дыбыстарды дұрыс айтуға машықтандыру, жаттықтыру.
Білімділік міндеті: тақпақты жаттау, көгөністердің қазақша атауларын дұрыс айтып, диалог құруға үйрету. Қазақ тіліндегі сөздер мен сөйлемдерді түсініп және күнделікті өмірде
қолдана білуге үйрету. 2-3 сөйлеммен затты сипаттай білу дағдыларын дамыту.
Дамытушылықміндеті: сөздік қорларындағы сөздерді белсенді қолдана білуге
жаттықтыру, қарапайым сұрақтарға жай сөйлеммен жауап беру, сөздік қорларын дамыту.
Тәрбиелікміндеті: табиғатқа деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Күтілетін нәтижелер:
Жасайды: көгөністердің қазақша атауларын атайды, диалог құрайды, тақпақты жаттайды.
Түсінеді: көгөністер бақшада өседі.
Қолданады:тыңдайды, сұрақтарға жауап береді.
Қолданылатын көрнекі құралдар: қуыршақтар – Сәуле мен Арман, себет, түрлі түсті жапырақтар, табақ, көгөніс-муляждары, демонстрациялық материалдар, қима материалдар, жұмыс дәптері, айна, қарындаштар.
Билингвалды компонент: көгөністер – овощи, бақша – огород, қызылша – свекла, орамжапырақ – капуста, дәмді – вкусный, пайдалы – полезно.
ҰОҚ барысы
Ұйымдастырукезеңі
Ғажайып сәт. Қуыршақтар – Сәуле мен Арман себетпен түрлі түсті жапырақтар алып кіреді. Балалармен сәлемдеседі.
Өткен «Алтын күз» тақырыпты қайталау. Аз қимылды ойын: «Кім жылдам?». Педагог себеттегі жапырақтарды шашады, балалар жылдам жинап алады.
Педагог сұрақтар қояды:
Қазір жылдың қай мезгілі?
Күзде табиғатта қандай өзгерістер болады?
Күзде ағаштың жапырақтары сарғаяды, жерге түседі. Жаңбыр жауады. Күн салқындайды.