Дамытушылық міндеті: зейін қойып тыңдау, көру, таныс сөздерді таба білу секілді қабілеттерін дамыту. Қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтуға жаттықтыру.
Тәрбиелікміндеті: ұлттық дәстүрлерді құрмет тұтуға тәрбиелеу.
Күтілетін нәтижелер:
Жасайды: ұлттық киімдерді, сөйлемдерді қайталайды.
Түсінеді: әр ұлттың ұлттық киімдері болатынын
Қолданады: тақпақты ынта қойып тыңдап, таныс сөздерді табады.
Қолданылатынкөрнекіқұралдар: қуыршақтар – Сәуле мен Арман, киіз үйдің макеті,
демонстрациялық материалдар, ата және әже қуыршақтары, қима материал, жұмыс дәптері, айна, фишкалар.
Билингвалды компонент: қамзол – камзол, шапан – чапан, қалпақ – калпак, бөрік – борик, тақия – тюбетейка, мәсі – ичиги (обувь).
ҰОҚ барысы
Ұйымдастыру кезеңіШаттықшеңбері
Достар, бері келіңдер, Қолдарыңды беріңдер. Шаттық толы шеңберге Қуанышпен еніңдер.
Ғажайыпсәт. Қонаққа қуыршақтар – Сәуле мен Арман келеді.
– Сәлеметсіздер ме?!
– Қазір жылдың қай мезгілі?
– Қазір қай ай?
– Бүгін аптаның қай күні?
Өткен «Қысқы киім» тақырыпты қайталау.
Қима материалмен жұмыс. Педагог қысқы киімдерінің суреттерін көрсетеді, балалар атайды. Балалар әр дұрыс жауап үшін фишкадан алады, соңында фишкалар саналып, жеңімпаз анықталады.
Негізгі кезең
Педагог: Бүгін біз ата мен әжеге қонаққа барамыз.
Киіз үйдің макеті, ұлттық киімдер (немесе суреттер) қолданылады.
Ата және әже қуыршақтары.Сәлемдеседі.
– Ата не киген? (Жейде, шалбар сөздерін естеріне түсіреді).
Педагог ұлттық киімдер атауымен таныстырады ( ұлттық киімдер немесе суреттер). Балалар педагогтен кейін жеке, хормен қайталап, сөздерді есте сақтауға, дұрыс айтуға жаттығады.
– Мынау – шапан.
– Мынау не?
– Мынау – шапан.
Мынау – көк шапан.
Мынау қандай шапан?
Мынау – көк шапан.
– Ата шапан киді.
– Ата не киді?
– Ата шапан киді.
– Мынау – қалпақ.
– Мынау не?
– Мынау – қалпақ.
– Ата қалпақ киді.
– Ата не киді?
– Ата қалпақ киді.
– Мынау – бөрік.
– Мынау не?
– Мынау – бөрік.
– Мынау – тақия.
– Мынау не?
– Мынау – тақия.
– Мынау – қамзол.
– Мынау не?
– Мынау – қамзол.
– Әже қамзол киді.
– Әже не киді?
– Әже қамзол киді.
– Мынау – мәсі.
– Мынау не?
– Мынау – мәсі.
– Ата мәсі киеді.
– Ата не киеді?
– Ата мәсі киеді.
Жауапты жеке-жеке айтады.
– Шапан, қамзол, қалпақ, бөрік, тақия, мәсі – қазақ халқының ұлттық киімдері.
Сөздерді бекітуге арналған ойын: «Ата, көрсет, қайтала» (мультимедиа арқылы тексеру). Өткенді қайталауға, сөздерді бекітуге ойын «Менде, сенде...». Балалар алдарындағы суреттегі киімді атайды, көршісінде қандай киім екенін сұрайды. Мысалы: Менде шапан бар. Сенде не бар?
Балалар ата және әжемен коштасады.