Қазақ тілі Әдістемелік нұсқау


Дыбыстық жаттығу (айнамен орындалады)



бет94/171
Дата21.04.2023
өлшемі364,14 Kb.
#85252
түріБағдарламасы
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   171
Байланысты:
0 НОВЫЙ КТП

Дыбыстық жаттығу (айнамен орындалады).


Ғ-ғ-ғ- ғап-қолғап- қолғап Ұ-ұ-ұ-ұл-құл-құ-лақ-шын.
Тақпақ жаттау: педагог киімдерді қайталап, тақпақ жаттауды ұсынады.
Мен естияр баламын, Өзім кие аламын.
Көйлегімді, күртемді, Аяқкиім, пәлтемді.
Інімді де үйретем,
Жөн жобамды көрсетем.
Е.Өтетілеуұлы

Сергіту сәті.


Тоңса біздің қолымыз, Қолғап киіп аламыз.


Сарт-сарт-сарт
Шапалақты соғамыз. Тоңса біздің аяғымыз, Етік киіп аламыз.
Топ-топ-топ
Топылдатып билейміз. Тоңса біздің денеміз, Тонды киіп аламыз.
Зу-зу-зу етіп,

Шанаменен зулаймыз. Шынығамыз жалықпай, Коньки, шаңғы тебеміз.
Қима суреттермен жұмыс. Дидактикалық ойын: «Қайтала, көрсет». Педагог киімдерді атайды, балалар сөзді қайталап суретін көрсетеді. Жұмыс дәптерімен жұмыс.
1.Киімдерді ата. Қыста қандай киім киеді? Кім не киеді? Дөңгелектерді сәйкестендіріп боя. Арманның киімі мен Сәуленің киімін сәйкес түспен бояйды.
Суреттегі киімдерді айтқызу. Қыз көйлек киеді. Ұл шалбар киеді.
Педагог жеке жұмыс жүргізеді.

3. Рефлексия.


Педагог қорытынды жасайды. Балаларды мадақтайды.
– Сендерге қандай тапсырма ең қызықты болды? Жұмыс дәптеріне өздеріңнің игерген білімдеріңнің дәрежесін, үлгерімдеріңді смайл арқылы белгілейсіңдер.
Қуыршақтар балалармен қоштасады.

№36


Білім беру салалары: Қатынас, әлеумет
Бөлімі: Қазақ тілі.
Тақырыбы: Ұлттық киім.
Мақсаты: ұлттық киімдермен таныстыру, олардың қазақша атауларын айтқызып, тілдерін жаттықтыру.
Білімділік міндеті: қазақ тіліндегі сөздер мен сөйлемдерді түсініп және күнделікті өмірде қолдана білуге үйрету. Жай сөйлемдер құра білу дағдыларын қалыптастыру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   171




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет