Қазақ тілі Әдістемелік нұсқау



бет126/300
Дата12.04.2022
өлшемі364,14 Kb.
#30725
түріБағдарламасы
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   300
Байланысты:
null

Күтілетін нәтижелер:


Жасайды: Мемлекеттік Туды сипаттайды, тақпақты қайталайды.

Түсінеді: сөздерді, сұрақтарды түсінеді.

Қолданады: Қазақстан Республикасының рәміздерін айтады, сұрақтарға жауап береді. Қолданылатын көрнекі құралдар: қуыршақтар – Сәуле мен Арман, постер, суретті сөздіктер, қима материалдар, жұмыс дәптері, айна.

Билингвалды компонент: Мемлекеттік Рәміздер – Государственные Символы, гимн – гимн, ту – флаг, қыран – орел, ою – орнамент, күн шуақтары – лучи солнца.

ҰОҚ барысы


    1. Ұйымдастыру кезеңі Шаттық шеңбері

Жоғары қараймыз, Шаңырақты көреміз. Төмен қараймыз,

Жерді көреміз.

Оңға бұрылып, солға бұрылып, Егеменді елді көреміз.

    1. Негізгі кезең


Ғажайып сәт. Қонаққа қуыршақтар – Сәуле мен Арман келеді.

    • Сәлеметсіздер ме?!

Слайд: «Менің Отаным». Өткен тақырыпты қайталау.

    • Біздің Отанымыз қалай аталады?

    • Біздің Отанымыз – Қазақстан.

    • Біздің Отанымыз – қандай мемлекет?

    • Біздің Отанымыз – тәуелсіз мемлекет.

Жаңа сөздермен танысу. Мемлекеттік рәміздер, гимн, ту, қыран, ою, күн шуақтары. Постермен жұмыс.

Мынау – Мемлекеттік Ту. Тудың шетінде ою-өрнек, ортасында күн, күннің астында қыран құс бейнеленген. Түсі көгілдір.



  • Мемлекеттік Туда не бейнеленген?

  • Мемлекеттік Туда қыран, күн, ою-өрнек бейнеленген.

  • Тудың түсі қандай?

  • Түсі көгілдір.

  • Мемлекеттік Тудың авторы – Шәкен Ниязбеков.

  • Мемлекеттік Тудың авторы кім?

  • Мемлекеттің Тудың авторы – Шәкен Ниязбеков.

Балалар жаңа сөздерді және сөйлемдерді қайталайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   300




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет