Сәуле мен Арман: Балалар, біз сендерге ««Қазақстан барысы» ертегісін сыйлыққа әкелдік.
Қазақстанның таулы қыратында барыс мекендейді. Барыс Алматы қаласының төлтаңбасында бейнеленген.
«Қазақстан барысы» ертегісін интербелсенді тақтада көрсетеді.
Ертегі ұнады ма?
Ертегідегі таныс жабайы жануарларды ата? (Аю, қоян, қасқыр).
Ертегідегі үй жануарларын ата? (Ит, қой).
Педагог қима материал бойынша жаңа сөздермен таныстырады.
Мынау – барыс. Мынау не?
Мынау – барыс.
Барыс жаттығулар жасады.
Барыс не істейді?
Барыс жаттығулар жасады.
Мынау – борсық. Мынау не?
Мынау – борсық.
Борсық жаттығулар жасады.
Борсық не істеді?
Борсық жаттығулар жасады.
Қар барысы мен борсық жарысқа қатысты. Балалар жаңа сөздерді қайталайды.
Достарыңызбен бөлісу: |