Ұйымдастыру кезеңі
Ғажайып сәт. Қонаққа қуыршақтар – Сәуле мен Арман келеді.
– Сәлеметсіздер ме?!
Өткен тақырыпты қайталауға ойын «Алтын сақа сөз жинайды» өткізеді. Бала сақаны қолына алып, бір сөз айтады, келесі бала сөзді қайталап оған тағы бір сөз қосады. Мысалы: бірінші бала «көктем», екінші бала «көктем, бүршік», т.с.с. Сөздер жиынтығы 2, 3, 4 сөз болуы мүмкін.
«Құс келді» тақпағын қайталау.
Құс келді
Қар су боп жөнелді – Қалды дала жалаңаш. Күн нұрына кенелді, Бүршік атып бар ағаш.
(Б.Қозыкеев)
Негізгі кезең
Демонстрациялық суретпен жұмыс. Жаңа сөздермен таңыстыру.
Суретте жылдың қай мезгілі бейнеленген? (Көктем).
Көктемде ауланы тазалайды. Таза – тазалайды.
Көктемде не тазалайды?
Көктемде ауланы тазалайды.
Мынау – арық. (Суретті көрсетеді).
Мынау не?
Мынау – арық.
Көктемде арықты тазалайды.
Көктемде арықпен не істейді?
Көктемде арықты тазалайды.
Көктемде ағаш отырғызады. (Суретті көрсетеді).
Көктемде не істейді?
Көктемде ағаш отырғызады.
Балалар сөздерді, сөйлемдерді қайталайды. Дидактикалық ойын: «Сөйлемді аяқта» Көктемде ағаш ...
Көктемде (сөйлемді аяқтау үшін суреттер: ағаштар, гүл, гүлдер көрсетіледі).
Көктемде ауланы тазалайды Көктемде ... ...
Достарыңызбен бөлісу: |