Қазақ тілі Әдістемелік нұсқау



бет269/300
Дата12.04.2022
өлшемі364,14 Kb.
#30725
түріБағдарламасы
1   ...   265   266   267   268   269   270   271   272   ...   300
Байланысты:
null

Негізгі кезең Тақпақ оқу.


Әжем сырмақ сырады Әдетімен күндегі.

Сырмақтағы оюы Кең даланың гүлдері.



– Тақпақ не туралы?

– Әже не сырады?

– Оюлар неге ұқсайды?

– Кең даланың гүлдеріне ұқсайды.

Тақтадаға тақырыпқа байланысты «Әжелер сырмақ жасап отыр» суреті ілінеді. Сурет бойынша жұмыс жүргізіледі. Жаңа сөздермен таныстыру.

– Әжелер сырмақ жасап отыр. Әжелер не істеп отыр?

– Әжелер сырмақ жасап отыр.

– Сырмақты оюмен өрнектеп отыр. Сырмақты немен өрнектеп отыр?

– Сырмақты оюмен өрнектеп отыр.

Үлгілер бойынша оюмен таныстыру. Ою – оюлар.



– Мына ою «гүл» деп аталады. Мына ою қалай аталады?

– Мынау ою «гүл» деп аталады.

– Түсі қандай болады? (Суреттегі түстерді атайды).

– Мынау ою «қошқармүйіз» деп аталады. Мынау қандай ою?

– Мынау – «қошқармүйіз» ою. (Жеке-жеке айтып жаттығады).

– Мынау – тұмарша, тұ-мар-ша

– Мынау қандай ою?

– Мынау – тұмарша.

– Мынау – балта, бал-та.

– Мынау қандай ою?

Мынау – балта.

Ою ерекшеліктерін, оны қолдану жолдары, олардың түстері туралы әңгімелеу. Ұлттық бұйымдардың өз оюлары, түстері болатынын түсіндіру. Оюларды көрсету, ою аттарын қайталату.

Педагог шағын мәтін құрап айтады: Әжелер сырмақ жасап отыр. Сырмақты оюмен өрнектеп отыр. Мынау – гүл ою. Мынау ою «қошқармүйіз» деп аталады. Мынау – тұмарша. Мынау – балта. Сырмақ әдемі, жылы. Сырмақ жүннен жасалады. (3-4 бала мәтінді қайталайды.)




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   265   266   267   268   269   270   271   272   ...   300




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет