|
|
бет | 265/300 | Дата | 12.04.2022 | өлшемі | 364,14 Kb. | | #30725 | түрі | Бағдарламасы |
| Байланысты: null
Педагог киіз үйдің суретін іліп қойып, бүгін киіз үймен танысатындарын хабарлайды.
«Киіз үй» суретімен жұмыс. Киіз үй туралы қысқаша мәлімет беру. Жаңа сөздермен таныстыру.
– Мынау не?
– Мынау – киіз үй.
– Киіз үйде не бар?
– Киіз үйде сандық бар. Мынау – сандық. Мынау не?
– Мынау – сандық. («Сандық» сөзін дұрыс айтып жаттығады).
– Сандық ағаштан жасалады. Сандық неден жасалады?
– Сандық ағаштан жасалады.
– Мынау – сырмақ.
– Мынау – ... (сырмақ). Сөзді жылдам, жай айтып есте сақтауға жаттығады.
– Сырмақ әдемі.
– Сырмақ қандай?
– Сырмақ әдемі.
– Сырмақ жылы. Сырмақ қандай?
– Сырмақ жылы.
– Сырмақ жүннен жасалады. Сырмақ неден жасалады?
– Сырмақ жүннен жасалады.
– Мынау – алаша. А-ла-ша. Мынау не?
– Мынау – алаша. (Алаша сөзін жеке, хормен айтып сөзді естеріне сақтайды).
– Алашада қандай түстер бар?
– Алашада қызыл түс бар. (Білетін түстерін айтады).
– Мынау – домбыра. (Домбыра суреті көрсетіледі).
– Мынау не?
– Мынау – домбыра.
Педагог үнтаспадан күй тыңдатады (үзінді).
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|