Сергіту сәті:
Орнымыздан тұрайық Қолды белге қоялық. Оңға, оңға түзу тұр, Солға, солға түзу тұр. Алға бір адым,
Артқа бір адым. Жоғары, төмен қарайық Орнымызды табайық.
Жұмыс дәптерімен жұмыс.
Жұмбақты шеш.
Әрі қызыл, әрі тәтті,
Татқан жанды таңырқатты.
Ол не? (Алма)
Мнемо кесте бойынша алманы сипатта.
Ребусты шеш. Ата.
Педагог жеке жұмыс жүргізеді.
3. Рефлексия.
Педагог қорытынды жасайды. Балаларды мадақтайды.
– Тапсырмалар ұнады ма? Жұмыс дәптеріне өздеріңнің игерген білімдеріңнің дәрежесін, үлгерімдеріңді смайл арқылы белгілейсіңдер.
Қуыршақтар балалармен қоштасады.
№ 72
Білім беру саласы: Қатынас
Бөлімі: Қазақ тілі.
Тақырыбы: Мен не білемін және не істей аламын?
Мақсаты: өткен тақырыптарды қайталап, алған білімдерін тиянақтау.
Білімділік міндеті: қазақ тіліндегі сөздер мен сөйлемдерді түсініп және күнделікті өмірде қолдана білуге үйрету. Ауызекі сөйлеу белсенділігін арттыру.
Дамытушылық міндеті: қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айту, ажырата білу дағдысын дамыту.
Тәрбиелік міндеті: жаңаны білуге деген құштарлықтарын арттыру және қайырымдылыққа тәрбиелеу.
Достарыңызбен бөлісу: |