Қазақ тілі Әдістемелік нұсқау



бет297/300
Дата12.04.2022
өлшемі364,14 Kb.
#30725
түріБағдарламасы
1   ...   292   293   294   295   296   297   298   299   300
Байланысты:
null

Нан қайдан келеді?

Бір күні Тышқан нан дүкеніне кірді. Сөреге жаңа піскен сап-сары бөлкелер үйіліп тұр екен. Піскен нан иісіне қызыққан Тышқан тұмсығын жыбыр-жыбыр тартты. Төмендегі бір



бөлкенi кеміре бастады. Осы кезде күзетші келіп қалды. Тышқан зып беріп, тысқа атып шықты. Бірақ алысқа ұзамады. «Апыр-ай, қайдан келді екен осыншама нан? Біліп алып тыққан жеріне кірсем, ә!» – деп қызығып кетті. Тесіктен сақтана сығалады.

  • Нан, нан, сен қайдан келдің? – деді сыбырлап.

  • Сатушыдан сұра, – деді нан. Тышқан сатушыға келді.

  • Сатушы, сатушы, нан қайдан келеді?

  • Наубайшыдан сұра, – деді сатушы.

Тышқан тымпыңдап наубайханаға келді. Мұнда көп адам нан пісіріп жатыр екен.

  • Нан қайдан келеді? – деді бір наубайшыға келіп.

  • Диірменшіден сұра, – деді наубайшы.

Тышқан диірменшіге келді. Диірмен тасы тынымсыз шыр көбелек айналады. Екі адам ұн тартып тұр. Ұн төгіліп аққан бұлақша құйылып жатыр. Көзді ашып-жұмғанша қап-қап ұн пайда болады. Тышқан иненің көзіндей танауын тыржиып, таңдана қарап тұрды да:

– Диірменші, диірменші, нан қайдан келеді, – деп сұрады.

  • Комбайншыдан сұра, – деді қырманшы қарт. Тышқан далада егін орып жүрген комбайншыға келді.

Қалың егін теңіздей толқиды. Комбайн тоқтар емес, ілгерілеп барады. Сабанын бір бөлек, топанын бір бөлек шығарып тастайды. Торсықтай ақ бидайды астауына құйып алып барады. Тышқан шіңкілдеп:

  • Комбайншы, комбайншы, нан қайдан келеді? – деп сұрады.

  • Көктемде тракторшы жер жыртады, тұқым себуші тұқым себеді. Егіншілер оны күтіп баптайды. Көп еңбек сіңіреді. Міне, қалың астық – сол көп еңбектің жемісі. Нан еңбек арқылы табылады, – деді комбайншы.

  • Ой, мұның азап қой. Мен шалқайып жатып-ақ таба беремін, –деп қутың-қутың етті Тышқан.

  • Әне, Мысық келе жатыр, – деді комбайншы. Сол-ақ екен Тышқан бір ескі інге зып берді.

(М. Етекбаев)




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   292   293   294   295   296   297   298   299   300




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет