Мақсаты: жабайы жануарлардың қазақша атауларымен таныстыру.
Білімділік міндеті: қазақ тіліндегі сөздер мен сөйлемдерді түсініп және күнделікті өмірде қолдана білуге үйрету. Сөздік қорларындағы сөздерді белсенді қолдана білуге жаттықтыру, қарапайым сұрақ қойып, оларға жай сөйлеммен жауап беруді дағдыландыру.
Дамытушылық міндеті:жаңылтпаш, ойындар арқылы тіл байлықтарын дамыту. Қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтуға жаттықтыру. Тілдік және артикуляциялық аппаратты, тыныс алуды және дикцияны дамыту.
Тәрбиелік міндеті: жануарларға қамқор болуға тәрбиелеу.