Қазақ тілі Әдістемелік нұсқау



бет58/300
Дата12.04.2022
өлшемі364,14 Kb.
#30725
түріБағдарламасы
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   300

Негізгі кезең


Педагог балаларға сұрақтар қояды, балалар балабақша туралы шағын әңгіме құрайды.

  • Біздің балабақша қандай?

  • Біздің балабақша таза, жарық, әдемі, үлкен.

  • Біздің балабақшада қандай бөлмелер бар?

Балабақшада спорт залы, музыка залы, асүй, дәрігер бөлмесі, қазақ тілі кабинеті бар. Педагог: Біз балабақшада таңертең жаттығу жасаудан бастаймыз.

  • Жат-ты-ғу жа-сай-мыз. Жаттығу жасаймыз (айнамен жұмыс).

  • Біз балабақшада таңертең не істейміз?

  • Біз балабақшада таңертең жаттығу жасаймыз.

  • Біз балабақшада тамақ ішеміз. Та-мақ-қ-қ і-і-і ше-міз – тамақ ішеміз.

Ұ-ұ-ұ-ұй-ық-қ-қ-таймыз – ұйықтаймыз.

  • Біз балабақшада не істейміз?

  • Біз балабақшада тамақ ішеміз, ұйықтаймыз.

  • Біз балабақшада серуенге барамыз, би билейміз, әң айтамыз, демаламыз, сурет саламыз.

  • Біз балабақшада не істейміз?

Біз балабақшада серуенге барамыз, би билейміз, әң айтамыз, демаламыз, сурет саламыз.

Балалар педагогтің соңынан сөздер мен сөйлемдерді қайталайды.

Сөздік ойын: «Жалғасын тап». Суреттерді көрсетеді, суретке байланысты заттың атын атайды, сол сөзге сөзді байланыстырып жалғап, сөйлем құрайды.

Балабақша ... (әдемі, жарық, таза). Таңертең жаттығу ... (жасаймыз).

Музыка залында ... (ән айтамыз, би билейміз). Серуенге шығып ... (ойнаймыз, демаламыз). Кереуетте ... (ұйықтаймыз)




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   300




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет