Суретке қара. Балалар не істейді? Сөйлемдер құра. Педагог жеке жұмыс жүргізеді.
Рефлексия
Педагог қорытынды жасайды. Бағалау, мадақтау.
Сендерге қай тапсырма ұнады? Жұмыс дәптеріне өздеріңнің игерген білімдеріңнің дәрежесін, үлгерімдеріңді смайл арқылы белгілейсіңдер.
Қуыршақтар балалармен қоштасады.
№5
Білімберусалалары: Қатынас, әлеумет
Бөлімі: Қазақ тілі.
Тақырыбы: Балабақша қызметкерлері.
Мақсаты: балабақша қызметкерлерінің лауазым атауларын қазақ тілінде айтуға үйрету. Білімділік міндеті: балабақшадағы қызметкерлерінің атын білу, қарапайым сұрақтар қою және оларға жай сөйлеммен жауап беруге үйрету. Қазақ тіліндегі сөздер мен сөйлемдерді түсініп және күнделікті өмірде қолдана білуге үйрету.
Дамытушылық міндеті: сөздерді сөз тіркесімен айтуға, сөйлем құрауға жаттықтыру. Қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтуға жаттықтыру.
Тәрбиелікміндеті: үлкенге құрмет, кішіге ізет жасауға тәрбиелеу.