Постермен жұмыс.
Педагог шағын мәтінді оқиды. Мынау – Мемлекеттік Елтаңба. Елтаңбамызда шаңырақ, күн шуақтары, тұлпар, жұлдыз бейнеленген. Төменгі бөлігінде «Қазақстан» деген жазу бар. Мемлекеттік Елтаңбаның авторы – Жандарбек Мәлібеков пен Шот-Аман Уәлиханов.
Мемлекеттік Елтаңбада не бейнеленген?
Мемлекеттік Елтаңбада шаңырақ, күн шуақтары, тұлпар, жұлдыз бейнеленген.
Мемлекеттік Елтаңбаның авторы кім?
Мемлекеттің Елтаңбаның авторы – Жандарбек Мәлібеков, Шот-Аман Уәлиханов. Балалар жаңа сөздерді және сөйлемдерді, мәтінді қайталайды.
Сергіту сәті
Достығымыз жарасқан, Ақпыз, қара, сарымыз. Қара жер мен көк аспан, Ортақ дала тауымыз.
Жұмыс дәптерімен жұмыс:
«Мнемо кестесі» бойынша Мемлекеттік Елтаңбаны сипатта, сөйлем құра.
Елтаңбада шаңырақ бейнеленген.
Елтаңбада тұлпар бейнеленген.
Елтаңбада жұлдыз бейнеленген. 2.Тақпақ жатта.
Мемлекеттік Елтаңба Елтаңбамыз – ел беті, Төрге ілінер көрнекі.
Анам таққан шолпыдай Дөп-дөңгелек, өрнекті.
Ө. Ақыпбекұлы Педагог жеке жұмыс жүргізеді.
Дидактикалық ойын: «Жалғастыр»
Ойынның шарты: ойынды бастаушы сөздің бірінші буынын айтады, басқа балалар
жалғастырып, сөз құрайды. Сөйлем құрауға жаттықтыру үшін бірінші сөзі айтылады. Бұл ойынды екі топ болып ойнауға да болады.
Достарыңызбен бөлісу: |