Ұйымдастыру кезеңі Шаттық шеңбер
– Шеңберге тұрып, достарымызбен қол ұстасайық. Барлығымыз жақсы көңіл күйде бір-бірімізге тілегімізді айтайық!
Қол алысып, кәне, біз, Достасайық бәріміз.
Айтарым бар сендерге, Тез тұрыңдар шеңберге.
Қандай жақсы бір тұру, Қандай жақсы дос болу!
Ғажайып сәт. Қонаққа қуыршақтар – Сәуле мен Арман келеді.
Өткен «Әсем қала – Алматы» тақырыпты қайталау.
Ойын: «Алтын сақа». Балалар сақаны бір-біріне береді. Сақаны қолына алған бала тақырып бойынша сөз, сөйлем айтады.
Алматы – әсем қала.
Алматыда метро бар.
Алматыда саябақ бар. Саябақ көп. Саябақтар әдемі.
Алматыда Медеу мұзайдыны бар.
Алматыда Көктөбе бар.
Жаңа сөздермен таныстыру. Демонстрациялық материалдармен жұмыс. Суреттегі
балалардың іс-әрекетіне көңіл аудару. Сұрақ қоя отырып, таныс сөздерді қайталау және жаңа сөздермен таныстыру.
Суретте қай жыл мезгілі бейнеленген? Жыл мезгілі – қыс.
Мынау не? Мынау – қар. Ақ-ақ – ақ қар.
Қардан не жасаймыз?
Аққала жасаймыз.
Мынау – сырғанақ.
Мынау не?
Мынау – сырғанақ.
Балалар сырғанап жүр.
Балалар не істеп жүр?
Балалар сырғанап жүр.
Шанамен сырғанап жүр. Конькимен сырғанап жүр.
Немен сырғанап жүр?
Шанамен сырғанап жүр. Конькимен сырғанап жүр.
Бұлар – қыс қызығы.
Балалар таныс және жаңа сөздерді қайталайды. Дыбыстық жаттығу (айнамен орындалады). Қ-қ- қ - қа – қар.
Қ-қ-қ-қ -нақ-нақ – сырғанақ.
Педагог шағын әңгіме құрап айтады. Мынау – қыс мезгілі. Дала аппақ қар. Қыста балалар аққала жасады. Балалар шанамен, конькимен сырғанап ойнап жүр. Бұлар – қыс қызығы. Балалар қайталайды.
Тақпақ жаттау. Педагог тақпақ жаттауды ұсынады.
Қыста қармен ойнаймыз, Қызыққа біз тоймаймыз. Таудан төмен сырғанап, Шаңғы, шана тебеміз.
Достарыңызбен бөлісу: |