Мұрат Мадина пмно-35 11 тақырып: М.Әлімбаев және қазақ балалар әдебиеті



бет1/2
Дата06.01.2022
өлшемі25,67 Kb.
#16123
түріРеферат
  1   2
Байланысты:
Мадина балалар


Мұрат Мадина ПМНО-35

11 тақырып: М.Әлімбаев және қазақ балалар әдебиеті

  1. М.Әлімбаев, Қ.Ергөбектің балалар әдебиеті жайлы сын-мақалалары;

  2. Балаларды ұлттық санасының өсуіне ықпал ететін шығармалар.

  3. Ө.Ақыпбеков, Н.Қалқа, М.Төрежанов «Біз де ойнаймыз», Н.Ақыш «Балалар елін бағындыру» т.б. әңгімелер мен повестер.

Тапсырмалар: Берілген тақырыптар бойынша реферат жазу

1. Мәскеуде Әдебиет институтында оқып білім алу Т.Әлімқұловты әдеби сынға бастады. Әрине, оған дейін де ол мақала, әдеби сын очеркін жазған.

Ертеректе Тайыр Жароковты сынаған. «Күн тіл қатты» – деп дауылдатып жазатын Тайыр Жороков – көп сын естімеген, есесіне көбірек мадақталған ақын. Тәкен інісінен сын естігенде ыссылаған. Әділдік іздеп Мұхтар Әуезовке жүгінген. Мақала дәділдігіне ден қойған ұлы жүрек ұстаз, сынның ақын, жазушыға жәрдем беруі керектігін айта келіп: сын стилінде авторды кекетіп, мұқатып жеке басына тиісу болмауы керек. Тәкен, сенде сондай жарамсыз мінез бар, депті.

Расында, Тәкеңде ондай мінез болатын. Әдеби шығарма жайында айта отырып, авторына өтіп кеткенін білмей қалатын. Мұндай мінезді Мұзафар Әлімбаев жайында жазған бір сын мақаласынан аңғарғаным бар. Әдеттегідей әдеби сында өткір жазатын ол Мұзафар ақынға «тілің тұтқыр» – деп сын айтады. Сыны орынды-ау, бірақ Тәкең сол пікірдің айналасында замандасын астарлай, ишаралай мысқылдайтынын байқайсың.


Т.Әлімқұлов, негізінен, поэзия сыншысы ретінде көбірек мойындалды. Өзі өлең шіркінді ерекше сүйетін ол белгілі бір ақын, әйтпесе нақты бір шығарма жайында жазғанда шығармашылық психологиясына дейін еркін еніп, мәтінді майда бөлшектеріне дейін еркін барып, жете талдайтын. Жекелеген бөлшекті типтендіріп ақын, ия жеке жинақ жайында ортақ түйін түюге өте шебер. Объектісі жайында жалпы сөйлеу – әрбір сыншының қолынан келер шара. Ал, шығарманы бөлшектей талдау – сыншының сыншысының ғана қолынан келері хақ. Жалпы сөйлеу – сыншы үшін көзүйренді жадағайлық. Сыншыға абырой әпере қоймайтын мінез. Өзі қаламын қатты сыйлайтын классик жазушы ретінде танылған Тәкең ілтипатқа алған ақын, иә жазушы шығармасын бұтарлай талдауға ерекше ден қоятын. Жалпы сөйлегенді жақтырмайтын ол шығарманың ішіне енбеген соң қаламды қор қылмау керек қой дейтін томырықтана.

Сыншы райында Т.Әлімқұлов жалпақшешейлікті жек көретін, беделге бой ұсынбайтын. Бейнелеп айтқанда «мүйізі қарағайдай» – дейтін ірі ақындардың шығармаларын бетке ала сөйлеп, қатты сынға алатынын талай көрдік. Ондайда білімдар сыншы сөзі уәжімді, пікірі де діл! Әріптес ақындар шамырқанып шамданар еді, ерін бауырына алып тулар еді. Білімдар дәлелді пікір – мойындамасқа қоя ма?! Мойындап тынар еді ақыры. Өзі де ақындығымен бірге сыншы ретінде танылған Мұзафар Әлімбайұлы айтар еді: «Тәкен маған тілін тұтқыр деді. Мен шамдану орнына қазақ фольклорын оқып, тіл үйренумен болдым. Замандасым қандай оймен сынаса өзі біледі. Мен оны әріптестің арына тапсырдым да ізденіске көштім. Сынның маған пайдасы тиді!»

2. Мектеп жасына дейінгі балалар тəрбиесіндегі ұлттық тіл дамытуындағы басты міндет — балалардың сөйлеу тілін жетілдіру. Тіл дамыту əдіс-тəсілдер арқылы жүзеге асыру. Ол сұрақ-жауап, сөздік қорды дамыту, сөйлесу, əңгімелесу, көрнекілік. Əр сабақ сайын тақырыпқа сай көрнекілік құралдар, түрлі суреттер, кестелер, сабақты көркемдеп отырса, балалардың сөздік қоры біршама толығады деген ойдамыз. Заман өзгерген сайын əдіс-тəсілдер көбейіп, жаңарып, толығып отыр. Əр түрлі жаңа технологияларды өз тəжірибемізде қолданып жүреміз. Сонымен қатар қазақ тіліне үйреткенде балалардың жас ерекшелігін ескеру əдіс-тəсілдерді таңдауымен сай келеді, сабақ өткізгенде бірінші орынға ойын түрлері қойылады. Адам мəдениеті ойын арқылы дамиды, демек, балалық шақтан бастап қартайған кезге дейін адамды ойын жетелеп отырады. Ойын дегеніміз не? Ойын — қоғамдық тəжірибені қалыптастыру бағытындағы іс-əрекеттің бір түрі, яғни тəртіпті, өзін- өзі басқаруды жетілдіреді. Ойын — мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі іс-əрекеті. Ақын Н.Баймұхамедов: «Ойын ойнап əн салмай, өсер бала болар ма?» деп айтқандай, баланың өмірінде ойын ерекше орын алады.

Халық ертегілеріндегі идеал ретінде мадақталатын бейне-әлеуметтік теңсіздіктегі бұқара өкілі, жәбірленуші, жапа шегуші болса, қиял- ғажайып авторлық ертегілерде де осындай кейіпкерлер дәріптеледі. Өз ертегілерінде жазушылар халық арманын бейнелейді. Ертегілердегі басты тақырып –сиқырлы заттардың немесе адал аң-құстардың көмегімен бас қаһарманның мыстан кемпірлер, сиқыршылар, пері қыздары туғызған әр түрлі қиындықтарды жеңіп, мұратына жетуі. Ертегілердегі мыстан кемпір бейнесі – зұлымдықтың нышаны. С.Қасқабасовтың еңбегіне сүйене отырып, доцент П.Әуесбаева «шаман-әйел образының жанр табиғатындағы сипаты қазақтың қиял-ғажайып, батырлық ертегілерінде өзгерген күйде көрініс табады. Жалмауыз кемпір кейде мыстан кемпір делінеді, бірақ екеуі – мағыналық, қызметтік айырмашылығы бар образдар» [3, 61].Бұл ертегілерде ақ пен қараның бір-бірімен тайталасқа түскен күресі көрінеді, екеуі кезек-кезек бірде жеңіліп, бірде жеңіске жетеді. Дегенмен, ертегі эстетикасының заңы бойынша аяқталуында үнемі әділеттілік жеңеді де, зұлымдық әшкереленеді. Халық ертегісі композициясының табиғаты ғалым С.Қасқабасовтың еңбетерінде жан-жақты ашылғандықтан, осынау салыстырмалы зерттеуге сүйене отырып, қиял-ғажайып авторлық ертегілердің композициялық құрылымы жайындағы өз топшалауымыздыи ортаға салуды жөн көрдік. Халықтық қиял-ғажайып ертегілердің классикалық типі қаһарманды басқа дүниеге айналдыру, ғажайып құралдарды табу, қиын тапсырмаларды орындау, құда түсу сияқты композициялық бөлшектерді қамтитын болса, прозалық әдеби ертегілерде аталған бөлшектердің бірді-екісі ғана қамтылады. Жалпы балаларға арналған шығармалардың ішінде балдырғандардың арманын ұштап, ой-өрісін дамуына үлкен әсер ететін дүние бұл қиял-ғажайып ертегілері, қиял-ғажайып шығармалары. «Бүгінгі таңдағы балалар поэзиясында өз оқырманын қызықты мазмұнымен баурап, олардың арман-қиялын қанаттандыратын, дүние-жаратылыс сырын тантып-білуге құштарлығын арттыратын, сол арқылы балалардың ойлау дағдысын жетілдіретін түрлердің бірі – қиял-ғажайыпты поэзия» [5, 58]. Авторлық ертегі де әдетте қаһарманның үйден аттануымен басталады. Оның себептері де әртүрлі: бірде бір жесір әйелдің ғажайып сурет кестеленген орамалын құйын ұшырып әкетеді, ағайынды Ертай, Елтай, Сырбай деген балалары орамалды іздеп шығады.(М.Тиесовтің «Ананың асыл арманы» ертегісі), бірде Қайсар деген баланың бауыр еті – жалғыз қарындасы Айжан ұшты-күйлі жоғалады, ағасы оны іздеуге шығады.(Қ.Жаманбаеваның «Қара гүл» ертегісі), енді бірде бас қаһарман батыр атанғысы келіп, алыс сапарға шығады.(Қ.Жаманбаеваның «Қайдос батыр» ертегісі). Басталудың мұндай типтері халық ертегілерінен ауысқан.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Павлодар педагогикалық университеті

Педагогика жоғарғы мектебі

Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: М.Әлімбаев, Қ.Ергөбектің балалар әдебиеті жайлы сын-мақалалары;

Орындаған: Мұрат. М

ПМНО-35

Тексерген: А. Расола



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет