Жасайды: өз сөзін интонациямен жеткізе алады, ертегіні сахналайды.
Түсінеді: ертегінің мазмұның түсінеді.
Қолданады: ертегі кейіпкерлерінің сөздерін мәнерлеп, дауыс ырғағын келтіріп айтады, сұрақтарға жауап береді.
Қолданылатын көрнекі құралдар: қуыршақтар – Сәуле мен Арман, «Қолғап» ертегісіндегі кейіпкерлер (ойыншықтар) , кейіпкерлердің басқа киетін бейнелері, жұмыс дәптері, фишкалар.
Билингвалды компонент: саяхатшы – путешественник, сыйлық – подарок.
ҰОҚ барысы 1.Ұйымдастыру кезеңі
Шаттық шеңбер
Қайырлы таң, апай! Қайырлы таң, досым!
Қайырлы күн болсын. Күннің әр кезі,
Сәттілікке толсын!
Ғажайып сәт. Қонаққа қуыршақтар – Сәуле мен Арман келеді. Сәлеметсіздер ме?! Өткен тақырыпты қайталау, «Қолғап» ертегісіндегі кейіпкерлерді атауды ұсынады.
«Не жоқ?» Ойынның мақсаты: сөздерді бекіту, зейіндерін дамыту.
Ойынның шарты: балалар көздерін жұмады, педагог бір ойыншықты жасырады. Мысалы: түлкіні жасырып сұрайды: Не жоқ? (Түлкі жоқ) т.б.
Балалар әр дұрыс жауап үшін фишкадан алады, ойын соңында фишкалар саналып, жеңімпаз анықталады.
Достарыңызбен бөлісу: |