Студент-практиканттың аты-жөні: Саматқызы Айымжан Оқу орнының атауы: Абай атындағы Қазақ Ұлттық университеті
Институты: Жаратылыстану және география институты
Мамандығы: Химия биология 6В01512
Курсы, тобы: 2-курс ХБК 1
Психолог-әдіскер:Бекжанова Сания
Алматы 2023 7- апта бойынша орындалатын тапсырмалар: 06.03. – 11.03.2023ж. 1.Қиялды диагностикалауға арналған әдістемелер. 2.Қиялдың жеке-дара ерекшеліктерін анықтауға арналған әдістемелер. 3.Шығармашылық қиялды анықтауға арналған әдістемелер. 4.Қиялдың түрлері және олардың сипаттамасы.
1.Қиялды диагностикалауға арналған әдістемелер. Сиқырлы сазды әуен
Баланың қиялын дамытуға әсер ететін сазды әуен ойналады. Балалар көздерін жұмып тыңдайды (2-3 минут). Музыка тоқтаған соң, көздерін ашып не көргендерін өз қиялдары бойынша әңгімелейді. Олардың сипаттаған немесе көрген қиялын қағаз бетіне түсіруде төмендегі әдіс-тәсілдердің біреуін таңдап алады.
– майшаммен сурет салу
– қылқаламмен
– түрлі түсті бормен
– саусақтармен, алақанмен
Қиял жалғасы
Тәрбиеші ойланып, балалардың назарын тақтаға аударады да өзі бірнеше сызықтарды бормен сызып қояды. (Толқын, сынық сызық, ирек т.б.) Менің қиялым бойынша осы сызықтардан алуан түрлі заттар жасауға болады. Қане, кім менің қиялымды жалғастырып өз ойларын толық сурет салып береді екен деп өз алдыларындағы парақ қағазға сызықты сызып суретке айналдырып, не салғаны жайында әңгімелеп беруді өтінеді. Балалар жұмысын бірге талдайды.