Жұмыс дәптерімен жұмыс.
Киімдерді ата. Атауында қазақ тіліне тән Ұ дыбысы бар киімдерді қызыл, І дыбысы бар киімдерді көк қарындаштармен белгіле.
Киімдерді өз киіміңе сәйкес боя. Сенің киіміңнің түсі қандай?
Менің жемпірім сары. Менің шалбарым көк.
Педагог жеке жұмыс жүргізеді.
Рефлексия.
Педагог қорытынды жасайды. Балаларды мадақтайды.
– Сендерге қандай тапсырма ең қызықты болды? Жұмыс дәптеріне өздеріңнің игерген білімдеріңнің дәрежесін, үлгерімдеріңді смайл арқылы белгілейсіңдер.
Қуыршақтар балалармен қоштасады.
№ 35
Білім беру салалары: Қатынас, әлеумет
Бөлімі: Қазақ тілі.
Тақырыбы: Қысқы киім.
Мақсаты: қысты киімінің қазақша атауларымен таныстыруды жалғастыру; оларды топтай алуға үйрету.
Білімділік міндеті: 2-3 сөйлеммен затты сипаттай білу дағдыларын дамыту. Сөздер мен сөйлемдерді түсінуді және қолдануды үйрету. Тақпақ жаттау үйрету.
Дамытушылық міндеті: қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтып, игерген сөздерін қолданып, сөйлем құру дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік міндеті: киімді таза ұстауға тәрбиелеу.
Достарыңызбен бөлісу: |