Жасайды: киімдердің қазақша атауларын, сөз тіркестерін айтады, тақпақ жаттайды.
Түсінеді: киімдердің атын, сынын білдіретін сөздерді түсінеді.
Қолданады: киімдерді атап, топтай алады, сұраққа қысқа сөйлеммен жауап береді. Қолданылатын көрнекі құралдар: қуыршақтар – Сәуле мен Арман, қима материал, интербелсенді тақта, жұмыс дәптері.
Билингвалды компонент: тон – шуба, күрте – куртка, қолғап – варежки, құлақшын – шапка (ушанка), етік – сапоги, жылы – теплый.
ҰОҚ барысы
Ұйымдастыру кезеңі Шаттық шеңбер
Қол ұстасып, кәне, біз Достасайық бәріміз.
Қандай жақсы бір тұрып, Достарменен бір жүру.
Ғажайып сәт. Қонаққа қуыршақтар – Сәуле мен Арман келеді. Амандасады. Өткен «Менің киімдерім» тақырыпты қайталау.
Дидактикалық ойын: «Бұл кім?». Аталған киімдері (көйлек, шалбар, жейде) бойынша баланы табады.
Достарыңызбен бөлісу: |