Жасайды: үй құстарын және үй жануарларын атайды.
Түсінеді: үй жануарлары мен үй құстарына адамдар қамқор болатынын түсінеді.
Қолданады: зейін қойып тыңдайды, таныс сөздерді мәтіннен таба алады.
Қолданылатын көрнекі құралдар: қуыршақтар – Сәуле мен Арман, жылжымалы суреттер, үнтаспа, жұмыс дәптері, айна.
Билингвалды компонент: аула- двор, қаз – гусь, үйрек – утка, күркетауық – индюк, жем – корм.
ҰОҚ барысы
Ұйымдастыру кезеңі Шаттық шеңбер
Арайлап таң атты Алтын сәуле таратты.
Қайырлы таң, алтын күн! Қайырлы таң, кең далам!
Ғажайып сәт. Қонаққа қуыршақтар – Сәуле мен Арман келеді.
– Сәлеметсіздер ме?!
Өткен «Екі лақ» ертегі тақырыпты қайталау. Ертегі кейіпкерлерін атау. Педагог тақпақ оқиды.
Кішкентай әліппе
Бота: Б-ны Ө- ге қосып,
«Бө», – дейді.
Лақ: М-ны Е-ге қосып,
«Ме», – дейді.
Қозы: М- ны Ә- ге қосып,
«Мә» – дейді.
Ал мен: М-ны А-ға қосып,
«Ма», – деймін,
«Ма-ма», – деймін,
«Мама!» – деймін.
Ж. Смақов
Қандай төлдер аталды?
Бота не дейді?
Лақ не дейді?
Қозы не дейді?
Достарыңызбен бөлісу: |