Дыбыстық жаттығу (айнамен орындалады).
І-і-і-і – кітап, кітап.
Қ -қ-қ-қ – қалам, қалам. Ә-ә-ә-ә- дәптер, дәптер.
Сөздерді бекіту үшін, «Қайтала, көрсет» ойынын жүргізеді. Оқу құралдары жекеше, көпше айтылады. Сөздерді қайталап, үстелден алып көрсетеді.
кітап – кітаптар қалам – қаламдар
сызғыш – сызғыштар дәптер – дәптерлер
Педагог шағын мәтін құрайды.
Мен мектепке барамын. Мектепке кітаптар, дәптерлер, қалам апарамын. Мен жақсы оқушы боламын.
Балалар мәтінді қайталайды.
Сергіту сәті:
Бір, екі, үш
Аяққа түсті күш. Төрт, бес, алты Күшіміз артты. Жеті, сегіз
Білім, еңбек егіз. Тоғыз, он
Құстай ұш та қон.
Жаңылтпашты қайталау.
Сыныпта ақ бор бар, Көк бор бар,
Көп бор бар.
Балалар жаңылтпашты жай, жылдам, қатты және ақырын қайталайды.
Дидактикалық ойын: «Сөйлемді аяқта». Берілген сөздерге жалғастырып, сөйлем құрау. Оқушы дәптерде жазады.
Оқушы ... (дәптерде жазады). Кітапты оқиды. Кітапты ...
Қарындашпен сызады. Қарындашпен ...
Достарыңызбен бөлісу: |