Педагог қорытындылайды. Балаларды мадақтайды.
– Ең қызық қай тапсырма болды? Жұмыс дәптеріне өздеріңнің игерген білімдеріңнің дәрежесін, үлгерімдеріңді смайл арқылы белгілейсіңдер.
Қуыршақтар балалармен қоштасады.
№ 66
Білім беру салалары: Қатынас, әлеумет
Бөлімі: Қазақ тілі.
Тақырыбы: Қазақстан – ортақ үйіміз.
Мақсаты: мерекелерге байланысты сөздерді айту және түсіну дағдыларын қалыптастыру. Білімділік міндеті: қазақ тіліндегі сөздер мен сөйлемдерді түсініп және күнделікті өмірде қолдана білуге үйрету. Педагогтің көрсеткен үлгісі бойынша шағын мәтін құрастыра білу дағдыларын жетілдіру. Мақал-мәтелдерді айтуға үйрету.
Дамытушылық міндеті: сөйлеу мәдениетін жетілдіру, сөздерді сөйлемдерге
байланыстырып құрауға дағдыландыру. Қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтуға жаттықтыру.
Тәрбиелік міндеті: достыққа, татулыққа тәрбиелеу.
Достарыңызбен бөлісу: |