Қазақ тілі Әдістемелік нұсқау



бет292/300
Дата12.04.2022
өлшемі364,14 Kb.
#30725
түріБағдарламасы
1   ...   288   289   290   291   292   293   294   295   ...   300
Байланысты:
null

Негізгі кезең


«Кел, балалар, ойнайық» әні

Кел, балалар, ойнайық, Ойнайық та ойлайық. Қандай жұмбақ болса да Шешпей оны қоймайық.

Қимылмен көрсете отырып жұмбақ жасыру.

Екi басы дөңгелек, Екi ұшы сүйiр, Қиғанға үйiр.

Ол – не? (қайшы) Қайшы туралы жаңылтпашты естеріне түсіру.

Жақсы қайшы Қайсы қайшы?

Балалар жаңылтпашты жай, жылдам қайталайды. Келесі жұмбақ.

Өзі ширақ, өзі қу, Жүрген жері айғай-шу. Ол – не? (түлкі).



Қу, ширақ сөздерімен жұмыс. Шағын мәтін құрастыру.

Түлкі қандай жануар?

Балалар педагогтің көмегімен шағын мәтін құрастырады. Түлкі – жабайы жануар. Түлкі – қу жануар. Түлкі – ширақ жануар.

«Айтылған дыбысқа сөз құра» ойыны.

Әр қатардағы сұрақтың жауабы «қ» дыбысынан басталады.


    1. Біздің Отанымыз қалай аталады? (Қазақстан)

    2. Оқу құралы (қарындаш)

    3. Көгөніс (қызанақ)

    4. Ұлттық баскиім (қалпақ)

    5. Ыдыс (қазан)

    6. Түс, түр (қара)

    7. Үй жануары (қой)

    8. Түлкі қандай? (қу).

Сұрақтардың жауабын тауып, тақтаға суреттерді іледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   288   289   290   291   292   293   294   295   ...   300




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет