Анықтама. Берілген шеңбердің центры деп аталатын нүктеден бірдей қашықтықта жататын нүктелердің геометриялық орны (тұйық қисық сызық) шеңбер деп аталады .
Шеңбер центрін оның кез келген нүктесімен қосатын R кесіндісі (немесе осы кесіндінің ұзындығы) шеңбер радиусы деп аталады.
Барлық шеңбер үшін олардың ұзындықтарының диаметрлеріне қатынасы тұрақты сан болады. Бұл қатынас гректің π=3,14159… әрпімен белгіленеді (қ. Пи саны деп оқыл.). π саны - иррационал сан.
Шеңбер ұзындығы L=2πR формуласымен анықталады.
Хорда - математикада қисық сызықтың немесе беттің кез-келген екі нүктесін қосатын түзу
Анықтама. Жазықтықтың шеңбермен шектелген бөлігі (шеңбердің өзімен қоса) және центрі бар бөлігі бөлігі дөңгелек деп аталады.
Дөңгелектің ауданы S=πR²-қа тең.
Шеңбердің бойындағы екі нүктені қосатын және центр арқылы өтетін кесіндіні диаметр деп атаймыз. Диаметр D әрпімен белгіленеді. Диаметрдің бойында екі радиус орналасады. Сондықтан диаметр екі радиусқа тең: D=2 R.
Диаметр дөңгелекті екі жарты дөңгелекке бөледі. Шеңбердің центрі, дөңгелектің де центрі, шеңбердің радиусы дөңгелектің де радисы. Егер екі шеңбер (дөңгелек) беттестіргенде бір-бірімен дәл беттесе, онда ондай екі шеңбер (дөңгелек) өзара тең болады. Тең шеңберлердің (дөңгелектердің) радиустары да тең.
Шеңбердің бөлігі доға деп аталады.
|