Ұйымдастыру кезеңі
Сәлеметсіңдер ме, балалар!
Сөздік ойын: «Күн шуағы». Педагог сандықтан арнайы жасалған ойыншық күнді шығарады. Бір-бірлеріне күнді ұсынып, тілектер айтады (педагогтің көмегімен).
Ғажайып сәт. Қонаққа қуыршақтар – Сәуле мен Арман келеді.
Дидактикалық ойын:«Тыңда, көрсет, қайтала». Балаларға балабақшаның суретін көрсетіп, өткен оқу қызметін қайталайды.
Балалар әр дұрыс жауап үшін фишкадан алады, ойын соңында фишкалар саналып, жеңімпаз анықталады.
Жаңа сөздермен таныстыру. Ойын: «Біз саяхат жасаймыз».
Тамаша ғой бақшамыз, Саяхатқа шығамыз.
Алға басып келеміз, Бәрін, бәрін білеміз.
Слайд: «Балабақша бөлмелері». Слайд арқылы балабақша бөлмелеріне саяхаттау.
Мынау – дәрігер бөлмесі. Дәрігер бөлмесінде дәрігер отырады. Дәрігер балаларды емдейді.
Мынау – асүй. Асүйде аспаздар балаларға ас дайындайды.
Мынау – музыка залы. Музыка залында кімдер бар?
Музыка залында музыка жетекшісі, балалар бар. Балалар би билеп, өлең айтады.
Мынау – спорт залы. Балалар жаттығулар жасап, спортпен шұғылданады.
Педагог балаларға қолдарына айнаны алып, дыбыстық жаттығулар жасауды ұсынады және сөздерді қайталап, естеріне сақтауды ескертеді.
Ші-ші-ші – бір-ін-ші қа-бат-та дәрігер бөл-ме-сі. Дәрігер бөлмесінде мейірбике отырады. Ші-ші-ші – е-кін-ші қа-бат-та қазақ тілі бөлмесі бар.
ең-ең-ең – балабақша кең.
ық-ық-ық – бөлмелер жарық.
нық-нық-нық – жоғары шық (балалар қайталайды).
Мәтін үлгісі. Біздің балабақша үлкен. Балабақша әдемі, таза. Балабақшада спорт залы , музыка залы, асүй, дәрігер бөлмесі, қазақ тілі кабинеті бар. Музыка залы, қазақ тілі кабинеті әдемі. Спорт залы үлкен.
3-4 бала мәтінді қайталайды.
Достарыңызбен бөлісу: |