Жасайды: топтағы заттарды атайды, жаңылтпашты қайталайды.
Түсінеді: сұрақтарды түсініп, жауап береді.
Қолданады: шағын мәтіндер құрайды, сұрақтарға жауап береді.
Қолданылатын көрнекі құралдар: қуыршақтар – Сәуле мен Арман, слайд: «Балабақша бөлмелеріне саяхат», суретті сөздіктер, жұмыс дәптері, айна, қарындаштар, фишкалар.
Билингвалды компонент: топ – группа, ойын бұрышы – игровой уголок, ұйықтайтын бөлме – спальня, табиғат бұрышы – уголок пироды.
ҰОҚ барысы
ҰйымдастырукезеңіШаттықшеңбері
Біз балдырған тең басқан, Дос құшағын кең ашқан. Тілегіміз – тыныштық, Ашық болсын кең аспан. Мықты болсын іргеміз, Бәріміз де біргеміз.
Ғажайып сәт. Қонаққа қуыршақтар – Сәуле мен Арман келеді. Амандасады. Бәрін ойын ойнауға шақырады
Ойын: «Кім тапқыр?». Өткен «Балабақша бөлмелері» тақырыпты қайталау, педагогтің айтқан сөздеріне сәйкес қима суреттерді көрсету. Балалар әр дұрыс жауап үшін фишкадан алады, ойын соңында фишкалар саналып, жеңімпаз анықталады.