Жасайды: онға дейін тура және кері санайды, санға сәйкес суретті көрсетеді.
Түсінеді: сұрақтарды түсінеді.
Қолданады: санамақтар айтады, сұрақтарға жауап береді.
Қолданылатын көрнекі құралдар: қуыршақтар – Сәуле мен Арман, постер
«Ойыншықтар», қима материалдар, бірден онға дейін сандар, асықтар, жұмыс дәптері, қарындаш, айна.
Билингвалды компонент: сан – счет, санамақ – считалка, санау – считать, қанша? неше? – сколько?, алты – шесть, жеті – семь, сегіз – восемь, тоғыз – девять, он – десять.
ҰОҚ барысы
Ұйымдастыру кезеңі
Ғажайып сәт. Қуыршақтар – Сәуле мен Арман әдемі себетпен кіреді.
Сәлеметсіңдер ме! Біз сендермен ойын ойнауға келдік.
Дидактикалық ойын: «Кім жылдам?» Жемістер, көгөністер, жидектерді үш себетке бөліп салу, атау, сипаттау.
Дидактикалық ойын: «Аудармашы».
Педагог сөздерді орыс тілінде айтады, балалар қазақ тіліне аударады. Фрукты – ... (жемістер).
Овощи – ... (көгөністер).
Ягоды – ... (жидектер). 2.Негізгі кезең
Постердің көмегімен ойыншықтарды санау. Бір ит, екі мысық, үш доп, төрт аю, бес ұшақ.
Дидактикалық ойын: «Кім тапқыр?». Бірден онға дейін сандарды ретімен қою, санау. 2 3 4 1 5 7 6 10 8 9 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 10 9 8 7 6 5 4 3 2 1
Ойын: «Баспалдақпен жоғары көтеру». Басбармақ пен сұқ саусақтың көмегімен жоғары тура санау, төмен кері санау (қол моторикасын дамыту).
Достарыңызбен бөлісу: |