Ұйымдастыру кезеңі Шаттық шеңбер
Достарды біз қолдаймыз, Қиын шақта қолдаймыз. Біздің топта ұл-қыздар
Тату-тәтті ойнаймыз.
Ғажайып сәт. Қонаққа қуыршақтар – Сәуле мен Арман келеді.
– Сәлеметсіздер ме?!
Өткен «Қанша? Санау» тақырыпты қайталау. Дидактикалық ойын: «Көршісін тап?» Шарты: бірден онға дейін сандарды ретсіз қою, балалар сандарды дұрыс қойып тура және кері санайды. Балалар әр дұрыс жауап үшін фишкадан алады, ойын соңында фишкалар саналып, жеңімпаз анықталады.
Негізгі кезең
Постер: «Апта күндері». Педагог балаларға постерден апта күндерін көрсетіп, бірге жаттауды ұсынады.
Балалар қайталайды, жеке және хормен.
Тақпақ «Апта күндері». Педагог оқиды.
Апта деген атайдың Жеті бірдей ұлы бар. Біріншісі – дүйсенбі, Екіншісі – сейсенбі, Үшіншісі – сәрсенбі, Төртіншісі – бейсенбі,
Бесіншісі – жұма, Алтыншысы – сенбі, Жетіншісі – жексенбі.
Педагог апта күндерін қайталауды ұсынады. Аптада неше күн?
Бүгін аптаның қай күні? Аптаның бірінші күні? Екінші күні? т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |