Эпентеза. Екі дыбыстың аралығына қосалқы дыбыстың келіп кеуі
эпентеза деп аталады.
Протеза. Бұл эпентезияның бір түрі болып саналады. Эпентеза бойынша
бұл дыбыс сөздің ортасына қосылатын болса, протеза бойынша дыбыс сөздің
алдынан қосылады.
Эпитеза. Протеза бойынша бұл дыбыс сөздің алдынан қосылса, эпитеза
бойынша сөздің соңынан қосылады.
Апокопа. Тіл-тілде кейбір сөздердің соңындағы дыбыстардың түсіп
қалуы құбылысы көзделеді.
Метатеза. Сөз құрамындағы дыюыстардың орын ауысуы метатеза деп
аталады.
Фонетикалық заңдар. Тілдегі фонетикалық құбылыстар және олардың
өзгеруі мен дамуының белгілі бір заңдылықтары болады. Фонетикалық
заңдылықтар тілдің немесе тілдердің тарихына ғана емес, сонымен бірге қазіргі
кездегі қалпына да қатысы бар. Тілдің тарихы дамуы барысында әр түрлі екі
фонеманың бір фонеманың бойына сіңіп, ұласып кетуі конвергенция деп
аталады. Түркі тілдерінде дауысты дыбыстардың біркелкі жуан, не біркелкі
жіңішке болып үндесуі- ертеден бері өмір сүріп келе жатқан және әбден
қалыптасқан фонетикалық заң. Сондай-ақ, түркі тілдерінде қатар келген
дауыссыздардың не біріңғай қатаң, не біріңғай ұяң болып үндесуі де
қалыптасқан заңдылық болып саналады.
Бақылау сұрақтары:
1 Буын, екпін және интонация деген не?
2 Тіл дыбыстарының өзгеруі мен үндесуіне тоқталыңыз.
3 Фонетикалық (дыбыстық) заңдылықтар дегеніміз не?
4 Сингармонизм. Ассимиляция. Диссимиляция дегендердің
анықтамасына тоқталыңыз.
1- жаттығу. 1. Мәтіннен алынған сөздердің буын құрамын салыстыра
отырып, буынның ауысуы, жылысуы сияқты құбылыстарды көрсетіңіздер.
САҚҚҰЛАҚ БИ
Шоқанның рухани жағынан пікірлес сүйікті нағашысы, талай жыл
Баянауыл дуанының аға сұлтаны болған Мұса Шорманов 1885 жылы 66
жасында дүниеден өтеді. Онымен қатар Ерейментауда қанжығалы Бөгенбай
батырдың шөбересі Саққұлақ бидің баласы Нұралы да қайтыс болады. Осыған
19
байланысты екі жағы да бір-біріне көңіл айтысып, бата жасаса алмай жүрсе
керек. Ақыры Мұсаның асына 86 жастағы Саққұлақтың өзі келгенде алдынан
даяшы шығып, арнаулы үйге түсіреді. Аздан соң оған Мұсаның Сәдуақас, Біләл
деген балалары сәлем беруге келеді. Сонда Саққұлақ айтқаны:
«Атаң өлді барлықтан,
Көтердің оны нарлықтан.
Жеріміз шалғай болған соң,
Келе алмадық сондықтан.
Ей, Сәдуақас пен Біләл –
Сөзіме құлағың сал.
Сендер атам-ай дейсің,
Мен ботам-ай деймін.
Жөн менікі еді.
Менің тойыма Мұсажан келіп.
Мұсажанның тойына
Нұралыжан келетін
Жөні бар еді.
Пенденің сұрағаны болмай,
Алланың қалағаны болады деген осы,
Шүкіршілік етіңдер...»
деп көңіл айтыпты.
Мүсет ел аралап жүріп, Саққұлаққа сәлем бере барыпты. Саққұлақ
Мүсетті бұрын көрмеген екен.
- Кімсің-ей! – депті.
- Уа, мен Керей Мүсетпін.
- Е, Керейдің торы алалы жылқысын құртқан кесірлі Мүсет сен бе едің?
Сонда Мүсет:
- Е, кешегі заманда елді жау шауып, қызыңды қатын, қатыныңды отын
қылған екен, о да менің қырсығым болғаны ма? – Саққұлақ сөзден тосылып
қалып, қылышын ала ұмтылыпты. Мүсет үндемей үйден шығып кетіпті. Оны
көріп Нұралы алдынан шығып, сәлем беріп:
- Е, Мүсеке, би атама сәлем бермедіңіз бе, жол болсын?
- Ағама барып едім, жынданып жатыр екен, - депті Мүсет.
- Олай болса, би, біздікіне жүріңіз, қонақ болыңыз, - депті Нұралы.
Мүсет «жарайды» деп ілесіпті. Есікке жақындағанда бұрылып
Саққұлақтікіне қайта кіреді. Сонда Саққұлақ Мүсеттің сәлемін алып:
- Әй, Мүсет-ай, жарайсың, мені екі өлімнен алып қалдың-ау, жұрт
мақтаса – мақтағандай екенсің,-депті. Өйткені мен қылыш ала ұмтылғанда
шабуым керек еді, шаптырмадың. Ол – бір. Екіншісі, сол бетіңмен кетіп
қалмай, қайта келіп сәлемдесіп отырсың, бұдан артық білім бар ма? - депті.
Саққұлақ шешенннен жеті бала қалған. Нұралы, Ералы деген балалары
өзіне ұқсап шешен боп өскен. Нұралының Олжабай, Барлыбай дейтін ұлдары да
20
шешен болған. Олардың бәрі ескіше оқыған, сауатты әрі ақын екен. Ералы
(1846-1932) суырыла термелей сөйлейтін төкпе ақын болған.
2. Тұйық буын дегеніміз не?
3. Екпін түспейтін қосымшаларды атап, ауызша мысал келтіріңіздер.
Достарыңызбен бөлісу: |