35
1. Адам баласына адам баласының бірі – дос. 2. Не үшін десең, дүниеде
жүргенде – туысың, өсуің, тоюың, ашығуың, қайғың, қазаң, дене бітімің,
шыққан жерің, бармақ жерің – бәрі бірдей, ахиретке қарай өлуің, көрге кіруің,
шіруің, махшарда сұралуың бәрі бірдей, екі дүниенің жақсылығына рахатың
бәрі бірдей екен. 3. Бес күндік өмірің бар ма, жоқ па? 4. Біріңе-бірің қонақ
екенсің, өзің дүниеге де қонақ екенсің, біреудің бағына, малына күндестік
қылып, я көрсе қызарлық көз алартыспақ лайық па? 5. Тілеуді құдайдан
тілемей, пендеден тілеп, өз бетімен еңбегімді жандыр демей, пәленшенікін әпер
демек ол құдайға айтарлық сөз бе? 6. Құдай біреу үшін біреуге жәбір қалауына
лайығы бар ма? 7. Екі сөздің басын қосарлық не ақылы не ғылымы жоқ, тура,
өзімдікін жөн қыламын деп, құр «ой, тәңір-ай!» деп таласа бергеннің несі сөз?
8. Оның несі адам? 9. Жас бала сөз айтудан ұялған секілді, жақсы адамның
алдында жазықсыз-ақ әншейін барып жолығысудан ұялған секілді. 10. Кірерге
жер таба алмай, кісі бетіне қарай алмай, бір түрлі қысымға түсесің.
Абай «Қара сөз».
2. Лексикалық мағына деген не?
3. Өте ертеде бір қадірлі шешен қария келте дүниеден көз жұмарында қасына
ұлын шақырыпты, - деген сөйлемдегі «көз жұмарында» деген сөздің мағынасын
түсіндір.
Достарыңызбен бөлісу: