Қой, қаз, хал, ор, ер, қал, мін, ақ, қақ, сал.
Бойы өсіп, бұғанасы әлі қата қоймаған қос жетім бозбала Рысбек пен
Тұрыс Аңырақай шайқасы кезінде мәйіт болған атасы Қарабатырмен бірге
туған жатырлас бауыры Тәтті қарттың асында осындай ағаш түрткі – қорлау
көреді. Қырық жыл қырғын болса да ажалдан ғана өледі – деп санайтын қазақ
үш нәрсеге – ұйқыға, ас – тағамға және ойын-күлкі, махаббатқа ешқандай
тоқтау жоқ деп білген ғой.
Бұлай халқымызға жақсылық сыйлаған қолбасшының әруағына әрдайым
дұға оқып, оны еске аламыз деген екен. «Үш жүзге үлгі айтқан Төле би қандай
да болса даулы мәселені қорытындылаған соң, кейін ешкім сөз өрбітпеген» -
дейді. Тоғызыншыдан, жаумен жағаласқанда төбесін көрсетпей кеткен ер
жаман.
Жүзге бөлінгендердің жүзі қара,
Руға бөлінгендердің құруға асыққаны.
Атаға бөлінгендер адыра қалады.
Сонда Майқы би тұрып «Мен ақсақпын ғой, Шыңғыспен бірге арбаға
мініп отырайын» – дейді. Бұл аңыздар Майқы бидің өз заманында аса беделді,
ақылды, ірі адам болғанын аңғартады. Жоңғар қақпасын күзетуге тек
үйленбеген жас жігіттер мен елуден асқан егде азаматтар ғана қалды. Патша
тақтан құлағаннан кейін Романов аты Ойрантөбе, Қаратөбеден өшкенімен осы
жерде қазақ елінің азаматтығы үшін қаза тапқан Секер, Барақтың аттарын
айтуға да тыйым салынды.
2. Сөздің көп мағыналығын қалай түсінесіз?
3. «Мақтаншақ, бөспе, даңғой, күпілдек» - қандай сөз екенін түсіндіріңіз.
39-жаттығу. 1. А/Көшіріп, омоним сөздердің астын сызыңыз, олардың
мағыналық ерекшеліктерін есте сақтаңыз.
1993 жылы күзде Жезқазған, Жамбыл облыстарының тұрғындары ортақ
жерлесі, Қорқыттан кейін ұмтыла бастаған қобыз күйдің құдіретін қайта
тірілткен композитор Ықылас Дүкенұлының туғанына 150 жыл толуына
арналған ұлан-жыр тойлар өткізді. Сонда Секер, Барақ батырлардың есімдері
тағы да еске алынды. Теңдессіз қобызшы бабамыздың «Секер - Барақ» атты
күйі бар екендігін кейбір білікті зерттеушілер ел алдында айтты. Ықылас
шығармасын іздеп тауып, насихаттауда көп еңбек сіңірген, күйші өмірінен
роман жазған белгілі жазушы, әрі композитор Ілия Жақановтың осы тойға
арналған жәдігерлік кітабында «Ойрантөбе» ойылды, Секер, Барақ қойылды
деген қабырғаны қайыстырар қайғылы сөздер ғана келтірілген екен. Қазанғап
Байболұлының «Төле бидің тарихы» атты дастанында да кімді болса да
54
қызықтырар сиқырлы жолдар бар. Әттең, не керек, Секер – Барақ қысасын
жатқа білетін ақыртөбелік қария Қарабала Рысбекұлы 1975 жылы 78 жасында
дүние салса, сол атты күйді астана – Алматы қаласында Жамбыл бастаған
халық ақындары алдында күңіренте тартқан Сайрамсу басындағы қаратөбелік
Дәулет Бекмұрзаұлы 1945 жылы 76 жасында көз жұмыпты. Осы күйдің
нобайын немересі зейнеткер Күзембай Төлебекұлы тартып берді. Ал,
Ойрантөбені қаратөбелік қарт ұстаз Мырзақұл Тұрғынбековтың көмегімен
таптық. Дәл төбесінде Секер мен Барақтың екі жарым ғасыр өтсе де ойылған
ордай қабірі қатар жатыр екен.
«Жүргенге жөргем ілігеді» деген сөз қалай тауып айтылған.
Қазақстанның қай түпкірінен іздеп табарымызды білмей жүрген Секер, Барақ
батырлардың ұрпақтарының кейбіреулерімен күнде дерлік кездесіп, тіпті
қызметтес, дәмдес, тұздас екенімізді кездейсоқ білдік. Секер, Барақтың
ұрпақтары Жамбыл облысындағы Ақыртөбе түбінде, біразы Алматы
облысында Ақтеректе тұрып жатыр.
/Б.Әбілдаұлы, «Рысбек батыр», Алматы, «Мерей»/.
Тіл – қоса алар жер мен көктің арасын,
Тіл – айырар анасынан баласын.
Тіл – атағын өсірер де, өшірер.
Не тапсаң да, өз тіліңнен табасың.
Бас
1. Жар басына қонбаңыз,
Дауыл соқса үй кетер.
Жатқа тізгін бермеңіз,
Жаламенен бас кетер.
2. Жолдасын таппаған ер азады,
Баласын таппаған ел азады.
3. Кей сөзден адам ауырар,
Кей сөзден адам сауығар.
4. «Кен асылы жерде, сөз асылы елде».
5. Қайран сөзім қор болды, /пікірін ұқтыра алмаған/.
Тобықтының өзіне.
6. Қайратсыз ашу – тұл,
Тұрлаусыз ғашық – тұл.
Шәкіртсіз ғалым тұл.
7. Амандықта қадір жоқ, алдырған соң білерсің,
Денсаулықта қадір жоқ, ауырған соң білерсің.
55
8. Анасыз ақын да, батыр да болмайды.
Ана – үйдің берекесі,
Бала – үйдің мерекесі.
Сөз анасы – құлақ, су анасы – бұлақ.
Жол анасы – тұяқ.
Ана тұрып қыз сөйлесе, бой жеткені болар.
«Ерлер көктен түскен жоқ – Әйел оның анасы».
9. Ат өнері білінбес, бәйгеге түсіп жарыспай,
Атты тағаласаң, есек аяғын көтереді.
Атымды адам қойған соң, Қайтіп надан болайын.
2. «Омофондар» деп қандай сөздерді айтамыз?
3. Сөздіктерден омофондар мен омонимдерді тауып, жазып келіңіз.
Достарыңызбен бөлісу: |