77
Сөздiкке енгiзiлiп, мағынасы түсiндiрiлетiн сөз реестр сөз деп аталады.
Әрбiр реестр сөзден кейiн ол сөздiң тобына қатысты екенiн көрсететiн
белгiлер қойылған.
Сөздiкке енген әрбiр сөздiң лексикалық мағынасы түсiндiрiлiп, оған
анықтама берiледi. Сөзге берiлген анықтаманың түсiнiктi және тұжырымды
болуы көзделедi.
Диалектологиялық сөздiктер. Диалектологиялық сөздiктер және
оларды құрастыру белгiлi бiр ғылыми мақсатты көздейдi. Диалектологиялық
сөздiк әдеби тiлдiң лексикасынан тыс жатқан, бiрақ ұлттық тiлдiң жергiлiктi
тармақтары болып табылатын диалектiлер немесе говорларға тән сөздер мен
сөз тiркестерiн қамтиды. Белгiлi бiр диалектiлерге тән сөздердi жинап,
олардың сөздiгiн құрастырудың және оларды бiлудiң тiлдiң тарихи даму
жолдарын, оған тән заңдылықтарды айқындауда үлкен мәнi бар.
Салыстырмалы сөздiктер. Салыстырмалы сөздiк те ғылыми мақсатты
көздейдi. Онда туыстас тiлдердегi ортақ түбiрлес сөздер берiледi; ондай
сөздердiң әр түрлi туыстас тiлдердегi ұқсас жақтары да айырмашылықтары да
көрсетiледi. Туыстас тiлдердi салыстырмалы – тарихи метод бойынша
зерттеп, олардың даму заңдылықтарын айқындауда салыстырмалы сөздiктер
құнды-құнды материалдар бере алады.
Этимологиялық сөздiктер. Этимологиялық сөздiк белгiлi бiр тiлдегi
сөздердiң шығу төркiнiн, олардың бастапқы мағыналары мен дыбысталу түрiн
айқындап көрсетудi мақсат етедi. Этимологиялық сөздiк тiлдiң даму
барысында ондағы сөздердiң семантикалық жақтан қандай өзгерiске
түскендiгiн айқындайды. Сөздiң шығу тегi, оның алғашқы мағынасы және сөз
мағынасының өзгерiп дамуы туыстас тiлдердегi түбiрлес сөздермен
салыстыру арқылы айқындалады.
Этимологиялық сөздiк жасау - өте-мөте күрделi және қиын жұмыс. Оны
жасау туыстас тiлдердiң лексикасына тарихи тұрғыдан келiп терең бойлауды
және салыстыра зерттеудi қажет етедi.
Достарыңызбен бөлісу: