Қазақ тілі (фонетика, лексика)


Аң, қыс, дос, таза, жұқа, аласа, жаңа, терең, қою, сәтті, берік, жіңішке



Pdf көрінісі
бет43/63
Дата02.04.2023
өлшемі0,83 Mb.
#78435
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   63
Аң, қыс, дос, таза, жұқа, аласа, жаңа, терең, қою, сәтті, берік, жіңішке, 
ыстық, шапшаң, оқай, асты, аз. 
Мысалы: Отырса аттан биік. 
Тұрғанда аласа 
Ойлап көріңіз, 
Бұл не деген тамаша. /Жұмбақ. Ертоқым/. 
Ақ жерде қара тары, 
Кім шашса сол орады. /Хат таныған адам/. 
2. Антоним сөздердің лексикада алатын орны қандай? 
3. Туынды түбір арқылы жасалған антонимдерге мысал келтіріңіз. 
45-жаттығу. 1. Берілген өлең шумақтарынан метафораларды тап. 
1. Жастықтың оты, қайдасың? 
Жүректі түртіп қозғамай. 
Ғылымның біліп пайдасын, 
Дүниенің көркін болжамай? 
2. Жүректің көзі ашылса, 
Халықтың түсер сәулесі, 
Іштегі кірді қашырса, 
Адамның хикмет кеудесі. 
3. Жақсылық ұзақ тұрмайды, 
Жамандық әркез тозбайды, 
Үміттің аты елеріп, 
Қос тізгінді созбайды. 
4. Қазақтың өзге жұрттан сөзі ұзын, 
Бірінен бірі шапшаң ұқпас сөзін. 
Көздің жасын жүректің қанымен, 
Ерітуге болмайды іште мұзын. 


59 
5. Көңіл құсы құйқылжыр шартарапқа, 
Адам ойы түрленіп ауған шақта. 
Салған ән көлеңкесі сол көңілдің, 
Тақтысына билесін ол құлаққа. 
6. Сылдырап өңкей келісім 
Тас бұлақтың суындай, 
Кірлеген жүрек өзі ішін 
Тұра алмас әсте жуынбай. 
7. Бір күйгізіп сүйгізіп, 
Ескі өмірді түргізер 
Өмір тоңын кигізіп, 
Жоқты бар қып жүргізер. 
8. Көлеңке басын ұзартып 
Алысты көзден жасырса 
Күнді уақыт қызартып, 
Көкжиектен асырса. 
9. Өткірдің жүзі, 
Кестенің бізі, 
Өрнегін сендей сала алмас. 
10. Көкірегі сезімді, тілі орамды, 
Жаздым үлгі жастарға бермек үшін, 
Бұл сөзді тасыр ұқпас, талапты ұғар, 
Көңілімнің көзі ашық, сергек үшін. 
/А.Қ. шығармалар жинағы/. 
2. Метафора дегеніміз не? 
3. Ауыспалы мағыналы сөз бен метафораның арасында қандай байланыс бар? 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет