Қазақ тілі (фонетика, лексика)



Pdf көрінісі
бет2/63
Дата02.04.2023
өлшемі0,83 Mb.
#78435
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   63
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 



 
Кіріспе 
Ұсынылып отырған оқу құралында қазақ тіл білімінің фонетика, 
лексикология салаларының кейбір мәселелері теориялық және практикалық 
жағынан қарастырылған. 
«Қазақ тілі (фонетика, лексика)» оқу құралының негізгі мақсаты – 
студенттерге қазақ тілінің фонетикасы мен лексикасы туралы теориялық білім
беру және іс жүзінде жүргізілген жұмыстар арқылы сөздердің лексикалық 
мағыналары мен қолданылу тәсілдерін ажырата білу және сөздердегі 
фонетикалық ерекшеліктерді таба білуге дағдыландыру, ауызша және жазбаша 
жұмыстарды орындау үстінде тіл тазалығын, анықтығын, дәлдігін сақтап, әр 
сөз, сөйлемді өз орнымен жұмсауға үйрету. 
Болашақ филолог мамандардың шешен де тартымды сөйлеу білуі, ойын 
қағазға анық та түсінікті түсіре білу оқу құралының тәжірибелік мәнін 
көрсетеді. 
Осы еңбекті игеру жолында студент өзінің білімін дағдылық, іскерлік 
қабілетін дамытып, ана тілінің қасиетін тереңінен танып, оның қыр-сырын 
меңгеріп, өз бойына ана тіліне деген сүйіспеншілігін дарытып, тіл мәдениетін 
өркендетуге үлес қосады деген ойдамын. 
Оқу құралының мәселелері бойынша сын айтып, пікірлерін ортаға 
салушылар болса, алдын ала шын жүректен рахметімді айтамын. Болашақта 
сіздердің көмектеріңізбен оқу құралын ары қарай толықтырып, сапасының 
жақсаруына еңбек ете бермекпін. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет