Қазақ тілі (фонетика, лексика)


-тақырып.    Лексикология



Pdf көрінісі
бет19/95
Дата14.03.2022
өлшемі0,83 Mb.
#27899
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   95
4-тақырып.    Лексикология
 
 
Жоспары: 
1  Лексикология, оның объктісі мен салалары. 
2  Сөз және оған тән белгілер. 
3  Сөздердің типтері мен варианттылығы. 
 
Мазмұны: Лексикология сөзді және сөздердің жиынтығы – тілдің сөздік 
құрамын  (лексикасын)  зерттейді.  Сөз  лексикологиясында  лексикалық  единица 
ретінде қарастырылады. Лексикалық единицалардың (сөздердің) жиынтығынан 


 
22 
тілдің  сөздік  құрамы  (лексикасы)  құралады.  Әрбір  тілдің  сөздік  құрамындағы 
сөздер  қаншама  көп  және  алуан  түрлі  болғанымен,  олар  бір-бірімен 
байланысты,  өзара  шарттас  элементтердің  жүйесі  ретінде  өмір  сүреді  және 
дамиды.  Осыған  орай,  лексикологияда  тілдің  сөздік  құрамы  лексикалық  жүйе 
ретінде  құралады  да,  сөз  тілдің  лексикалық  жүйесінің  элементі  ретінде 
қаралады. 
Жалпы қатынас құралы  ретіндегі тіл атаулының лексикалық  жағына тән 
құбылыстар мен жалпылама заңдылықтар мен ұғымдар жалпы лексикологияда 
қарастырылса,  лексикалық  құбылыстар  мен  жалпы  заңдылықтардың  жеке, 
нақтылы  тілдердің  лексикасына  икемделіп  көрініс  табуы  және  әрбір  тілдің 
сөздік  құрамы  мен  оның  дамуы,  өзіндік  ерекшеліктері  жалқы  лексикологияда 
(жеке,  нақтылы  тілдің  лексикологиясында)  қарастырылады.  Әрбір  тілдің 
лексикологиясы  (жеке  лексикология)  жалпы  лексикологияның  жалпы 
теориялық қағидаларына негізделеді де, нақты бір тілдің лексикасын зерттейді.  
Жеке  лексикология  белгілі  бір  тілдің  сөздік  құрамын  шығуы  мен  тарих 
бойында дамуы тұрғысынан немесе тілдің сөздік құрамын сол тілдің белгілі бір 
дәуірдегі, мысалы, қазіргі дәуірдегі қалпы тұрғысынан қарауы мүмкін. Осыған 
орай,  лексикология  тарихи  (диахрониялық)  лексикология  және  сипаттама 
(синхрониялық)  лексикология  болып  бөлінеді.  Тарихи  лексикологияда  тілдің 
сөздік  құрамы  шығуы,  замандар  бойында  қалыптасуы  және  дамуы,  лексиканы 
құрастырушы  арналар  және  олардың  тарихы  тұрғысынан  зерттелінеді.  Ал, 
сипаттама  немесе  синхрониялық  лексикологияда,  мысалы  «Қазіргі  орыс  тілі», 
«Қазіргі  ағылшын  тілі»,  «Қазіргі  қазақ  тілі»  атты  пәндердің  лексикология 
бөлімдерінде,  аталған  тілдердің  (орыс,  ағылшын,  қазақ  тілдерінің) 
лексикасының  осы  заманғы  қалпы,  сөздің  мағыналық  құрылымы,  лексиканы 
құрастырушы  арналар  мен  қат-қабаттар,  сөздердің  активті  және  пассивті 
топтары,  сөздік  құрамның  даму    жолдары,  лексиканың  стилистикалық  жақтан 
дифференциялануы,  сөздердің  қолданылу  аясы,  мағыналардың  қарым-
қатынасына  қарай  сөздердің  топтасуы  (синонимдер,  омонимдер,  антонимдер) 
және  т.б.  мәселелер  қарастырылады.  Қазіргі  тілдің  сөздік  құрамы  бір-бірімен 
байланысты  өзара  шарттас  элементтердің  жүйесі  ретінде  өмір  сүреді  және 
уақыт  бойында  толығу,  даму  күйінде  болады.  Демек,  синхрониялық 
лексикологияда  тілдің  сөздік  құрамы  өзара  байланысты  элементтердің 
лексикалық жүйесі тұрғысынан ғана емес, сонымен бірге дамуы тұрғысынан да 
қаралуы керек. 
 
Тарихи лексикологияның бір саласы – этимология. Этимология сөздердің 
шығу  тегін  зерттеп,  олардың  ең  алғашқы  мағынасының  қандай  болғандығын 
айқындайды. Этимологиялық зерттеулердің жеке сөздердің шығу төркінін ғана 
емес, сонымен бірге жалпы тілдің тарихын танып-білуде  
маңызы  өте-мөте  күшті.  Этимологиялық  зерттеулер  белгілі  тілдердің 
лексикасына  ерте  замандарда  енген  кірме  сөздердің  ену  тарихы  мен  оның 
жолдарын да қарастырады. 
Лексикологияның енді бір саласы – салыстырмалы лексикология туыстас 
тілдердің  сөздік  құрамын,  ондағы  сан  алуан  сөздерді  бір-бірімен  салыстыра 
отырып зерттейді. Салыстырмалы  лексикология туыстас  тілдердің  лексикасын 


 
23 
салыстырып  қана  қоймайды,  оларды  тарихи  даму,  өзгеру  тұрғысынан 
қарастырады.  Сондықтан  ол,  әдетте,  салыстырмалы-тарихи  лексикология    деп 
аталады. Салыстырмалы-тарихи  лексикологияның маңызы мынада:  тілдің  ерте 
кездегі  шағын  сөздік  қоры  талай  замандар  бойында,  біріншіден,  талай 
өзгерістерге  ұшыраса,  екіншіден,  өрбіп,  өсіп,  сан  мыңдаған  сөздер  қосылып, 
бұл күнде оның аумағы да, арнасы да кеңіді. 
Тілдің  лексикасындағы  әрбір  сөзде  белгілі  бір  мағына  бар.  Сөздердің 
мағыналық  жақтары  семасиологияда  қарастырылады.  Семасиология  сөздердің 
мағыналарын  және  ол  мағыналардың  өзгерілу  жолдарын,  семантикалық 
заңдарды зерттейтін арнаулы бір сала болып саналады. 
Лексикологияның семасиология тарауымен тығыз байланысты бір саласы 
–  ономасиология  деп  аталады. Ономасиология зат немесе құбылыс ұғымының 
белгілі  бір  сөзбен  аталуының  себебі  неліктен  екендігін  қарастырады. 
Ономасиологияның айрықша бір саласы ономастика жалқы есімдерді зерттейді. 
Ономастика  өз  ішінде  екі  салаға  бөлінеді:  оның  бірі  –  антропонимика  кісі 
аттарын  зерттеу  объектісі  етіп  алса,  екіншісі  –  топонимика  географиялық 
атауларды зерттеу объектісі етіп қарастырады. 
Лексикология  тіл  білімінің  әсіресе  грамматика  саласымен  тығыз 
байланысты. Тілдегі сөздер номинативті (атау) қызметпен бірге грамматикалық 
қызмет  те  атқарады.  Сөздер  жеке  дара  күйінде  емес,  өзара  байланысында 
қолданылады.  Сөздің  белгілі  бір  граматикалық  қызметі  оның  мағынасына  да 
әсер  етеді.  Сөздің  грамматикалық  қызметіне  байланысты  туған  қосымша 
мағынасы  грамматикалық  байланысты  мағына  немесе  синтаксистік  шартты 
мағына деп аталады.  
Қорыта  айтқанда,  тіл  білімінің  лексикология  саласы  сөзді,  біріншіден  – 
мағынасы  жағынан,  екіншіден  –  шығу  тегі  жағынан,  үшіншіден  –  қарым-
қатынас  жасауда  қолданылу  аясы  мен  шеңбері  жағынан,  төртіншіден  – 
экспрессивті-стильдік  сипаты  мен  қызметі  жағынан  қарастырып  зерттейді. 
Демек,  лексикология  сөзді  тілдің  лексикалық  единицасы  ретінде  қарастыра 
отырып, оны жан-жақты қамтиды. Сонымен, лексикология тілдегі сөздер және 
барлық сөздердің жиынтығы – сөздік құрам туралы, оның жасалып қалыптасуы 
және дамуы туралы ғылым болып саналады.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   95




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет