Қазақ тілі (фонетика, лексика)



Pdf көрінісі
бет45/95
Дата14.03.2022
өлшемі0,83 Mb.
#27899
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   95
       26-жаттығу. 
1.Төмендегі 
сөздердің 
тілде 
қандай 
мағынада 
қолданылатынын көрсетіп, көркем шығармалардан мысалдар келтіріңіз. 
       Бол, түт, күн, дау, тар, ара, қақ, жұрт, алыс, ар. 
Жаныстан Әлібек шығып би болыпты, 
Басқарып Ұлы жүзді игеріпті, 
Қазыбек, Әйтеке би, Әлібекпен, 
Заманы үшеуінің бір болыпты. 
Бір мүшел Әлібек би үлкен екен, 
Қадірлеп «Ағамыз» деп сый беріпті. 
Бір жағын «Ұлы жүз» деп қадір тұтып, 
Құрметтеп Әлібекті күнделікті. 
Кейінгі әйелінен Әлібектің, 
Данышпан Төле деген ұл болыпты. 
Жасынан сөзге шешен сара бопты, 
Он төртте бітпей жатқан дауды шешіп, 
Ақылы атасынан дана бопты. 
Төленің «бала би» деген даңқы шықты, 
Жүргізген оның жолы таза бопты. 


 
43 
Мүгедек, мүсәпірге пейірі түсіп, 
Жетім мен жесірлерге пана бопты. 
Қазыбек, Әйтеке би қартайған соң, 
Төле би үш жүзге де аға бопты. 
Қазақтың түп тарихын анықтауға, 
Үш жүзді Төле жүріп аралапты. 
Мөр басып шежіренің шындығына, 
Қазақты анықтаған Төле бопты! 
 
Әруақты бабалар, 
Ойлаған ұрпақ жағдайын. 
Келмеске кеткен сендерді 
Есіме бір сәт салайын, 
Жасынан тілді игерген, 
Әділетті сүй деген, 
Қарақылды қақ жарып, 
Дүйім жұрттты билеген, 
Даңқы шыққан алыстан 
Ұрпақтары табысқан, 
Артында аңыз сөз қалған, 
Ажалдан хабар келмесе, 
Төле би қайда өлмесе. 
                                                                  /С.Қалиұлы «Төле би – төбе би»/. 
2. Құрамына қарай омонимдерді қалай жіктеуге болады? 
3. Омонимдер қалай жасалады? 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   95




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет