Қазақ тілі (фонетика, лексика)



Pdf көрінісі
бет44/95
Дата14.03.2022
өлшемі0,83 Mb.
#27899
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   95
        24-жаттығу. Шырай, ерін, иық сөздерінен синекдохалық мағына түзіп, 
сөйлем құраңыздар. 
 
   25-жаттығу. 1. Оқыған кітаптарыңыздан бес-алты омонимді теріп алып, 
олардың әрқайсысы қанша мағына білдіріп тұрғанын түсіндіріңіз. 


 
42 
ҮЛГІ:  
а/ Жай адамның халі, үй орын, дастархан жай, ақырын – баяу, жай келіп пе? 
ә/ Алма – оны алма – бір нәрсені алма деген сөз, жеміс түрі, адам аты. 
б/ Қаз – жерді қаз, құс түрі. 
 
Қазақтың  Үш  жүзге  қалай  бөлінгені,  не  себептен  алаш  атанғаны  туралы 
халық аузындағы сөздерден алып, тарихшылар мынаны жазады. 
          «Дәл  қай  заманда  екені  белгісіз,  бұрынғы  қазақ  хандарының  біреуі  елін 
үш баласына бөліп беріп, үлкеніне тигенін  – Ұлы жүз, ортаншысына тигенін – 
Орта жүз, кішісіне тигенін – Кіші жүз атаған екен дейді. 
Тағы бір дерек, қазақ Алтын Ордадан бөлініп шыққаннан кейінгі хандары 
Жәнібек,  Керейден  соң  болған  хандардың  біреуі  Ахмет  хан  әскерлерін  Ұлы 
жүз,  Орта  жүз,  Кіші  жүз  деп  үшке  бөліп,  қалмақпан  соғысқан.  Сонда  Ахмет 
ханның әскері қалмақты шаба берген соң, қалмақтар Ахмет ханға «Алашы» деп 
ат қойыпты. «Алашы» деген сөз қалмақша мейірімсіз қанішер, жауынгер деген 
мағынада.  Ахмет  хан,  қалмақ  бұл  атты  дарытқан  соң,  қазақтар  «алашылып» 
шауып, ақыры  сол  қазаққа ұран болыпты.  «Алаш», алаш болғанда, алашы  хан 
болғанда, қалмаққа не қылмадық» - деп қазақтың мақтануы сол дейді.  
/Төле би/.  
2. Омоним деп нені айтамыз? 
3. Мәтіндегі «қыл», «қорық» сөздеріне морфологиялық талдау жасаңыз. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   95




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет