Қазақ тілі (фонетика, лексика)



Pdf көрінісі
бет65/95
Дата14.03.2022
өлшемі0,83 Mb.
#27899
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   95
        48-жаттығу.  1.  Берілген  сөйлем  ішінен  метафораларды  тауып, 
түсіндіріңіз. 
 
         1. Райымбек ойлай-ойлай қиял теңізіне бойлап бара жатқанда аяқ  астынан 
шыққан тасыр-тұсыр, абыр-дабыр елең еткізді. 2. Қарттың көкірегінде үміт оты 
тұтанып  келе  жатыр  еді.  3.  Райымбек  ой  теңізіне  шомылып  келе  жатқанда 
соңындағы  сарбаздан  бір  хабар  жетті.  4.  Райымбектер  тау  етегінен  түсіп, 
көсілген  кең  жазықпен  күншығысқа  бет  алды.  5.  Тұла  бойы  қорғасындай 
балқып, тұңғыш рет шашынан иіскеді. 6. Міне, алқап төсі күн сәскеге көтеріле 
шыжандай  адам,  қара-қорым,  ат  көлікке  толды.  7.  Ай  отырып,  той-жиын 
өткізіп,  таптаурын  болған  қара  жұртты  қалдырды  да,  тау  ішінің  жел  өтінен  
ықтасын  сай-сала,  жыра-жылғаларына  барып,  ауыл-ауыл  болып  қоңсы  қонып, 
қоныс  тепті.  8.  Сондықтан  неменеңе  мәз  болып  қыс  көзі  қырауда  дірдектеп 
далада жүресіңдер, одан да үйлеріңе келіп шаруаларыңды істеңдер. 9. Сонда да 
істеп отырған қылығы әлгі болған соң, менің де зығырданым қайнағаны сонша, 
ол ауылдан мұнда жүргенінің бар-жоғы он-он бес адам екен. 10. Жол жағдайын, 
жер  сырын  жетік  білетін  Есжан  он-он  бес  жігітті  ертіп,  жарты  күндік  жерге 
келгенде көз ұшынан түйдектеле қарауытып үлкен топ болып, бірыңғай боран 
түстілер көрінді. 
Райымбек батыр 
 
2. Метафора қалай жасалады? 
3. Мына сөйлемдегі сөздерге лексикалық талдау жаса. 
Қарттың көкірегінде үміт оты тұтанып келе жатыр еді. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   95




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет