Қазақ тілі (фонетика, лексика)



Pdf көрінісі
бет61/95
Дата14.03.2022
өлшемі0,83 Mb.
#27899
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   95
        42-жаттығу.  1.  Төмендегі  сөздердің  әрқайсысының  синонимін  тауып, 
сөйлем құрап жазыңдар. 
Мөлдір, мешкей, ниеттес, осал, өжет, пысық, текті, түзу, ұнтақ, дәу, ынжық. 
 
2. Бөлшектің бүтінге ауысу заңын қалай түсінесіз? 
3. Дүние үшін өзіңді отқа салма,  
Біреудікін  күшпен  тартып  алма.  Мағынасын  түсіндіріңіз  және  «Синонимдер 
сөздігін»  пайдаланып,  осы  сөйлемдердегі  сөздердің  сәйкес  мағыналы 
баламасын тауып жазыңыз. 
 
        43-жаттығу.  1.  Оқып  шығып,  антонимдерді  жұп-жұбымен  теріп, 
көшіріңіздер. 
ҮЛГІ: ұзын – қысқа, күн – түн. 


 
57 
1. Ағаш кессең, ұзын кес, 
Қысқартуың оңай. 
Темір кессең қысқа кес, 
Ұзартуың оңай. 
 
2. Ащы мен тұщыны татқан білер, 
Жақын мен алысты жортқан білер. 
 
3. Қиынсыңсаң – көп жұмысқа тап боларсың, 
Қылмасақ – көптен құр қаларсың. 
 
4. Жақсы ата жаман балаға қырық жыл азық. 
 
5. Жақсы бақсаң тоқтың егіз табады, 
Салақ қарасаң саулығың қысыр қалады. 
 
6. «Семіздің аяғы - сегіз, 
Арықтың сорпасы татымас». 
 
7. Жақсы басшы – елге құт, 
Жаман басшы – елге жұт. 
8. Жақсыменен дос болсаң, 
Алдыңнан шығар елбектеп, 
Жаманменен дос болсаң, 
Сыртыңнан жүрер өсектеп. 
 
9. Жақсының өзі кіші, ойы биік. 
 
10. Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат, 
Екі түрлі нәрсе ғой сыр мен сымбат. 
Арзан, жалған күлмейтін, шын күлерлік, 
Ер табылса жарайды қылса сұхбат... 
 
11. Залым кетпек, халық қалмақ, 
Түнеп кетпек, жарық қалмақ. 
 
12. Кедей мен бай жолдас болмас, 
Қасқыр мен қой қоралас болмас. 
 
13. «Керуен кері айналғанда, 
Ақсақ түйе алға шығады...» 
 
14. «Саусақ ашылса – қылдырық, 
Жұмылса - жұдырық». 
 


 
58 
15. Тіріңде жыртса хатыңды, 
Өлген соң құртар атыңды. 
/Н.Т. «Қанатты сөздер»/. 
 
2.  Антоним  сөздерді  қалай  түсінесіз?  Ол  қай  ғылымның  зерттеу  объектісіне 
жатады? 
3. Негізгі түбір арқылы жасалған антонимдерге бірнеше мысал келтіріңіздер. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   95




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет